№3 педагогикалық кеңес: «Бірінші жартыжылдық: қорытындылар, түйінді ойлар, жоспарлар»
№185 бөбекжай-балабақшасында №3 педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің тақырыбы: «Бірінші жартыжылдық: қорытындылар, түйінді ойлар, жоспарлар». Мақсаты — мектепке дейінгі ұйымның бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелерін қорытындылау, қол жеткізілген жетістіктер мен кездескен қиындықтарды талдау, сондай-ақ екінші жартыжылдыққа арналған басым міндеттерді айқындау болды.
Педагогикалық кеңес барысында атқарылған жұмыстар «Лотос гүлі» әдісі арқылы талқыланып, білім беру үдерісінің сапасы, тәрбиеленушілердің даму динамикасы және педагогтердің кәсіби қызметінің нәтижелері жан-жақты сараланды. Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Талқылау нәтижесінде жүргізілген жұмыстар бойынша қорытынды шығарылып, екінші жартыжылдықта атқарылатын нақты міндеттер белгіленді. Қабылданған шешімдер білім беру жұмысының сапасын арттыруға, мектепке дейінгі ұйымның тұрақты дамуына және балалар үшін қолайлы, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.
