Батиева Сандугаш Азимбековна, "Аққу" мектепалды даярлық тобы
Ертегілер елінде
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: Балаларға ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету; ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: Ғажайып, алғыр
Заттық-дамыту ортасы:«Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, қуыршақ театры.
-Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане, бәріміз қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де, сіз,
Кішіге де, сіз
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
-Балалар бүгін көңіл-күйлерің қандай?
-Хороший болса, бәріміз қосылып «Ертегілер әлемі» әнін айтайық.
-Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
-Ертегілер елінде кімдер тұрады?
-Қандай жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
-Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, Ертегі ханшайымының сөзі: «Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін. Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін».
Жүргізуші:Балалар, ертегілер еліне ғажайып кілеммен ұшып барайық.
-Міне ертегілер еліне де келдік, енді ертегі ханшайымы бізге қандай тапсырма берер екен?
Ханшайым: Қош келдіңдер, балалар, менің 1-тапсырмам: Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіңдер?
Балалар:Жан-жануарлардың дауласуы, жеті лақ, бауырсақ ертегісі
Ханшайым: Енді маған «Жан-жануарлардың дауласуы» ертегісін өздерің ойнап беріңдер.
Жүргізуші: Балалар сендер осы ертегіні білесіңдер ма?
Олай болса, «Жан-жануарлардың дауласуы» ертегісі
Каусар:Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты.
Сонда жылқы айтыпты:
Жылқы-Ернар:Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.
Түйе айтады:
Түйе-Ерсултан:Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.
Сиыр айтады:
Сиыр-Нұрай:Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.
Қой айтады:
Қой-Нұрдаулет:Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.
Ит айтады:
Ит-Бибарыс:Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.
Тауық айтады:
Тауық-Аружан:Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.
Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады:
Тышқан-Айсұлу:Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.
Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп:
Түйе-Ерсултан:«Менен бұрын кім көреді?», – деп, тышқанның сөзін қостайды.
Каусар: Бөрі қарасып тұрады. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз»,–деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды көріп, еш нәрсе демепті.
Тышқан-Айсұлу: Жыл басын мен көрдім, мен көрдім, алақай!
Каусар:Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. Осымен ертегі аяқталды, көргендеріңізге рақмет!
Билингвалды компанент:жануарлар-животные-animols,сиыр-корова-cow, жылқы-лошадь-house
Ханшайым: Жарайсыңдар балалар, енді 2-тапсырмам: «Нан» туралы тақпақ айтып беріңдер және «нан» туралы ертегі білесіңдер, ертегіні өздерің ойнап беріңдер?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісі
Жүргізуші: Балалар сендер осы ертегіні білесіңдер ма?
Олай болса, «Бауырсақ» ертегісі
М.Амина:Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты.
Шал-Аян: Әй кемпір, бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп берші.
Кемпір-Еркежан: Ұнның біткені қашан, бауырсақты неден жасаймын?
Шал-Аян: Қаптың түбін қағып, орнын сыпырсаң ұн жиналып қалар!
М.Амина:Кемпір қаптың түбін қағып, төгілгенін сыпырып ұн жинайды.
Қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына
суытып қойыпты.Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап
келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден
аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде оған Қоян жолығып:
Ерсін-қоян:Бауырсақ, Бауырсақ! Мен
сені жеймін! – дейді.
А.Айзере-Бауырсақ:Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Апамнан
да қаштым, атамнан да қаштым, сенен де қашып кетемін».
М.Амина: Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете бара жатып, қасқырға жолығады.
Қасқыр-Ерболат: Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.
А.Айзере-Бауырсақ: Қасқыр, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым, қояннан да қаштым, сенен де қашып кетемін».
М.Амина: Бір кезде Аю жолығады:
Дария-Аю:Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.
А.Айзере-Бауырсақ: Аю, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым, қояннан да қаштым, қасқырдан да қаштым, сенен де қашып кетемін».
М.Амина:Сөйтіп домалай жөнеледі. Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:
Жанерке-түлкі:Бауырсақ, Бауырсақ, қандай сүйкімді едің, қайдан домалап барасың, мен сені жеймін — дейді ол.
А.Айзере-бауырсақ:Жоооқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін:«Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым, қояннан да қаштым, қасқырдан да қаштым, аюдан да қаштым, енді сенен де қашып кетемін».
Жанерке-Түлкі :— Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, дейді.
А.Айзере-Бауырсақ: «Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым, қояннан да қаштым, қасқырдан да қаштым, аюдан да қаштым, енді сенен де қашып кетемін».
М.Амина:Бауырсақ түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде түлкі ұстап алады.
А.Айзере-Бауырсақ:Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан
да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.
М.Амина: сөйтіп, түлкі мен бауырсақ дос болыпты. Ертегі осымен аяқталды, тыңдағандарыңызға рақмет!
Билингвалды компанент: әже-бабушка-grandmother,ата-дедушка-grandfather
Ханшайым: менің соңғы 3-тапсырмам: Қызыл баскиім киетін кейіпкер қай ертегіде ойнайды және ертегіні ойнап беріңдер?
Жүргізуші: Балалар сендер осы ертегіні білесіңдер ма?
Сергіту жаттығуы: «Қарлығаш»
Олай болса, «Қызыл телпек» ертегісі
Т.Айзере:Eртеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны
өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі
немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан
тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл
телпек» деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:
Анасы-Хадиджа:Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, халжағдайын біліп қайтшы, – дейді.
Қызыл телпек-Арай:– Жарайды, анашым, апарып берейін, – деп бәліш пен май салынған себетті алады.
Т.Айзере:Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді. Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келеді. Қасқыр-Ернар:Қызыл телпек, сен қайда барасың? – деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр.
Қызыл
телпек-Арай: Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген
бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын, – дейді қыз.
Қасқыр-Ернар:– Ал әжең қайда тұрады?
– деп сұрайды.
Қызыл телпек-Арай: Әжем бе? Ол
орманның ар жағындағы ауылда, ауыл шетіндегі диірменнің жанында, диірменнің
жанындағы бірінші үйде тұрады, – дейді.
Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып береді. Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын. Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп, қызға тиіспейді. Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады.
Қасқыр-Ернар:– Жарайды, мен де сенімен бірге сол ауылға барып, әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын. Кел, екеуіміз жарысайық, әжеңе қайсымыз бірінші жетер екенбіз? Сен мына жолмен бар, мен ана жолмен жүрейін, – деп қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды таңдап алады.
Т.Айзере:Қасқырдың ұсынысына
келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп
келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай бет алады. Қызыл
телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады.
Қасқыр-Ернар:Тоқ-тоқ-тоқ!
Әжесі-Инара: Бұл кім? – деп сұрайды әжесі.
Қасқыр дауысын жіңішкертіп:
Қасқыр-Ернар:Әже, бұл мен ғой,
немере қызың – Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәліші
мен бір құты майын ала келдім, – дейді.
Т.Айзере:Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап:
Әжесі-Инара:Айналайын қызым, тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады, – дейді дауыстап.
Қасқыр жіпті тартып қалады, сол кезде есік ашылады. Үш күн аш жүрген қасқыр баса көктеп кіріп келеді. Ашқарақтанып бірден әжейді бас салады да бүтіндей жұта салады.
Содан соң есікті жауып, басына әжейдің қалпағын киіп, көзіне көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек қағады.
Қызыл
телпек-Арай: Тоқ-тоқ-тоқ!
Қасқыр-Ернар:Бұл кім? – дейді жуан дауыспен, тойып алған қасқыр.
Қыз гүрілдеген дауысты естіп, қорқып кетеді.
Қызыл телпек-Арай: «Әжеме суық тиіп, дауысы содан өзгерген болар», бұл мен, сіздің немереңіз – Қызыл телпекпін! Мені сізге анам жіберді. Бәліш пен бір құты май алып келдім.
Қасқыр дауысын өзгерте қойып, жіңішке дауыспен:
Қасқыр-Ернар: Тұтқаның жанындағы жіпті тарта ғой, қызым, сонда есік ашылады, – дейді.
Қыз жіпті тартады, есік ашылып, үйге кіреді.
Көрпемен бүркеніп жатқан қасқыр оған:
Қасқыр-Ернар: Қызым, себетті үстелдің үстіне қойып, өзің менің қасыма кел, – дейді. Т.Айзере:Қызыл телпек бәліш пен май құйылған құты салынған себетті үстелдің үстіне қойып, қасқырдың жанына жақындайды.
Қасқыр
–Ернар:Жолдан шаршаған боларсың, қасыма кеп жата ғой, – дейді. Т.Айзере:Әжем деп ойлаған Қызыл телпек
қасқырдың жанына жатады да:
Қызыл телпек-Арай: Әже, әже, сіздің қолыңыз неге үлкен? – деп
сұрайды.
Қасқыр –Ернар: Сені қатты құшағыма басу үшін, қызым.
Қызыл телпек-Арай: Әже, әже,
құлағыңыз неге сондай үлкен?
Қасқыр –Ернар:Сені жақсы есту үшін, қызым.
Қызыл телпек-Арай: Әже, әже, көзіңіз
неге үлкен?
Қасқыр –Ернар:Сені жақсы көру үшін, қызым.
Қызыл
телпек-Арай: Әже, әже, тісіңіз неге сондай үлкен?
Қасқыр –Ернар:Сені тезірек жеу үшін,
қызым-ау! – деп Қызыл телпекті бас салып, аяғындағы кебісі, қызыл телпегімен
бірге жұта салады.
Т.Айзере: Байғұс қыз айғайлапта үлгермейді. Бірақ, бақытына қарай, дәл осы сәтте үйдің қасынан бір отыншы өтіп бара жатқан еді. Отыншы қасқырдың дауысын естіп, үйдің терезесінен қарайды. Үй ішінде, төсекте орнынан қозғала алмай жатқан қасқырды көреді. Оның қампиған қарнына қарап, не болғанын бірден түсіне қояды. Отыншы жыртқышты ұстап алып, қарнын жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншы қасқырдың қарнын қайта тігіп, бос қоя береді.
Қызыл телпек пен әжесі отыншыға алғыстарын білдіреді. Әжесі шай қойып, немересі әкелген бәліштерді себеттен шығарып, дастарқан жаяды. Сөйтіп үшеуі жақсылап тұрып шай ішеді. Әңгімедүкен құрады. Қасқырдың сыбағасын қалай бергендерін айтып мәз болады.
Осымен ертегі аяқталды, тыңдағандарыңызға рақмет!
Билингвалды компанент: ана-мама-mather, қасқыр-волк-wolf
(Музыка әуенімен Ханшайым келеді)
Ханшайым: Сәлеметсіңдерма, балалар?
-Ертегілер елі сендерге ұнады ма? Мен де сендердің сырттарыңнан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмамды дұрыс орындадыңдар. Міне, сенде сыйлық әкелдім
Жүргізуші: Ертегі Ханшайымы, біздің балабақшаға баратын уақыт келді
(Балалар Ханшайыммен қоштасып ғажайып кілеммен оралады)
Жүргізуші: Балалар, сендер өздеріңнің білімді екендеріңді көрсеттіңдер, енді топқа барып Ханшайымның сыйлығын көрейік.
Қане қонақтармен қоштасайық.
<!--