Жаңа жылдық ертеңгілік, "Аққу" тобы » КГКП "Ясли сад №185"
Коммунальное государственное казенное предприятие
«Ясли-сад №185»
Управления образования города Алматы
Заведующий:
+7(727) 383-86-88
Методист:
+7(727) 392-77-92
Версия для
слабовидящих
» » Жаңа жылдық ертеңгілік, "Аққу" тобы
24
декабрь
2019

Жаңа жылдық ертеңгілік, "Аққу" тобы



                            Жаңа жылым қош келдің! 

(«Аққу» мектепалды даярлық тобына арналған ертеңгілік сценарийі)


Балалар көңілді әуенмен залға кіріп, шыршаны айналып Тұрады да, ән шырқайды. 


Ән:  «Шыршаға бардық».   

Жүргізуші: Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір.

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой!

Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!


1-бала: Жаңа жыл құтты болсын!

2-бала: Денсаулығымыз мықты болсын!

3-бала: Келер жылда молшылық болсын!

4-бала: Әр үйде қуаныш болсын!

5-бала: Балалар бақытты болсын!


Тақпақтар:

6-бала: Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,

Ғасырдың он екінші жылы келді.

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары.


7-бала: Жана жылды біз тойлап, шаттанамыз бәріміз.

Өлеңде әзір, ән әзір,ойын да әзір, бәрі әзір

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.


8-бала:  Құтты болсын жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ, дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын.


9-бала: Жаңа жылым, жаңа нұр ала келсін

Қуанышқа құшағын тола берсін

Ескі жылың есіркеп көкейінде, 

Қимас шаттық бірі боп қала берсін.


Балалар орындарына отырады. 


Жүр: Балалар, Жаңа жылда түрлі қызықтар болады? Бізді  де қызықты сәттер күтіп тұр. Қане олай болса мерекемізді бастайық. ? Бізге біреу келе жатқан стяқты. Мүмкін Аяз Ата мен Ақшақар шығар. 

Әуен ырғағымен залға Ақшақар кіреді. Кіре сала   телефонымен суретке түсіп, балалармен, ата-аналармен селфи жасайды. 

Жүр: Балалар мынау Ақшақар ғой. Ақшақар, Аяз Ата қайда? Неге жалғыз жүрсің? Тасташы ана телефоныңды, суретке түсе бермей бері қарасаңшы. Балалармен, қонақтармен ең болмаса амандассаңшы. 

Ақшақар: Ой балалар кешіріңдерші, мына телефонның қызығына кіріп кетіппін ғой. Сәлеметсіңдер ме ,балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Мен Ақшақармын! Біз Аяз Ата екеуміз осы мерекеге көп дайындалдық. Түрлі сыйлықтар алдық. (жан жағына қарап Аяз Атаны іздейді) Аяз Ата қайда? (басын шайқайды) Ой-ой –ой мен не бүлдірдім? Телефонның қызығына кіріп кеткенім сонша, Аяз Атаны жоғалтып алдым ау. Мына телефонды бүгін Аяз Ата сыйға беріп еді, енді міне мұқиятсыз болып қалдым. 

Жүр: Ақшақар ештеңе етпейді, біздің балалар да  кейде планшетте немесе телефонда ойнағанда, тыңдамайды, ешнарсені ұқпай қалады.   Міне, мұның соңы  көріп отырсыздар неге соғатынын?  Енді не болды,  Аяз Ата мен сыйлықсыз қалдық?

Ақшақар: Менің есіме түсті, Аяз Атаның  навигаторы бар телефоны бар, ол бізді тез табады, егер әрине  Қар ханшайымы араласпаса, ол балалардың мейрамын бұзуды ұнатады. Ал Аяз Аавгуст бізді жылдам табуы үшін  көңілді жаңа жылдық ән шырқайық. Аяз Ата балалардың дауысын естиді де   мерекеге тез келеді.

                                 Ән: «Жаңа жыл»

(Әннен кейін қорқынышты әуен ойналып залға Қар Ханшайымы келеді.)

Ақшақар: Қар Ханшайымы, Менің Аяз Атама  не істедің?   ол қайда дереу жауап бер?

Қар ханшайымы:  Ай-яй!  Ертерек   осылай уайымдау керек еді. Аяз Атаны орманда жалғыз қалдырған мен емес,  Ал маған  керегі де осы еді, екеуің бір-біріңнен адасып қалғандарың. Мен сиқырлы таяғыммен оны кері қайтарып жібердім. Ол енді сендерге  келмейді,   сыйлық та әкелмейді. 

Ақшақар: Балалар, мен не бүлдіріп қойдым, енді не істеймін? (отырып жылайды)

Жүр: Ақшақар жылама, уайымдама, бір шешімін табамыз. 

Қар Ханшайымы: Аяз Атаны қайтарғыларың келе ма? 

Жүр: Әрине, Қар ханшайымы, балалар Аяз Атаны жыл бойы күтті. Оған хат жазды. 

Қар Ханшайымы: Жарайды, мен сендерге бір мүмкіндік берейін. Менің тапсырмаларымды орындаңдар. Мен соншалықты қорқынышты емеспін, көңіл көтерсем көтерейін. Қане олай болса маған көңілді би билеп беріңдер. 

Жүр: Би билеу бұл біздің балалар үшін түк те емес. 

Би: «Ковбойлар»

Ақшақар: Қар ханшайымы, мүмкін балалармен қызықты ойын ойнармыз. 

Қар ханшайымы: Ойнасақ ойнайық. 

                            Ойын: «Көңілді шарлар»

Қар ханшайымы: Сендер сондай ақылды болсаңдар, басқа тілде ән шырқап беріңдерші. 

Жүр: Біздің балалар ағылшын тілінде өлеңдер оқып, ән де шырқап бере алады. 

                            Ән: «Мерри кристмас»

Қар ханшайымы: Ой жарайсыңдар балалар! Мында маған өте ыстық болып кетті, маған салқын жер керек. Кетейін. Ал сендердің Аяз Аталарыңды қазір жіберемін. Күтіңдер. 

(Қар ханшайымы кетіп қалады)

Жүр: Ал біздің Аяз Ата келгенше, оның жолын жарық қылайық. Қане жұлдызшалар жолды көрсетіңдер.

                            Би: «Жұлдызшалар»

Әуен ойналады, Аяз Ата кіреді. 

Аяз Ата: Амансың ба ұлдарым!

Амаңсың ба, қыздарым

Жаңа жылмен құттықтаймын

Бір жыл бұрын болғанмын, өсіп қапты балалар

Кеңейген шығар ойларын,

Құтты болсын тойларын!


Ақшақар: Аяз Ата сіз мені кешіріңізші, мен сізге қарамай, телефонның қызығына кіріп, сізді  жарты жолда тастап кетіппін. 


Аяз Ата: Кешірдім Ақшақар қызым. Мен де осы телефонның көмегімен навигаторды қосып, тауып келдім. Мына телефон деген жақсы екен. №185 балабақша деп жазып едім, тура осында алып келді. 

Шыршаларың қандай әдемі, бірақ  шамдары неге жанбай тұр? Қазір біз бұл қателікті жөндейміз. 

1-2-3, шырша шамы  жана түс! 3-рет айтады, шырша жанады. 

                                 Ән: «Аяз Ата»

Жүр: Аяз Ата сен шаршаған боларсың, отыр, демал. Балалардың өнерін тамашала. 

Балалар тақпақтар оқиды. 

Жүр: Аяз Ата, біздің балалар жаңа жыл мерекесіне қалай дайындалғанын қараңызшы, олар өздері шыршаны қалай безендіргенін көріңіз. 

                                 Би: «Жаңа жылым»

Ақшақар: Аяз Ата, сіз отырғаннан жалыққан жоқсыз ба, мүмкін балалармен көңілді би билерсіз. 

Аяз Ата: Билейік.                        

                                 Ән-би: «Буги-вуги» 

Аяз Ата: Сендермен өте қызықты балалар, бірақ менің кетуім керек. 

Ақшақар: Аяз Ата, сіз ештеңе ұмытқан жоқсыз ба? 

Аяз Атае: Не ұмыттым, ән айттым, би биледім, ойын ойнадым. (ойланып қалады)

Балалар: Сыйлық! 

Аяз Ата: (күліп) Сыйлықты мен ұмытпадым. Әрине сыйлық әкелдім. Қазір менің көмекшілерім сыйлықты осында жеткізеді.  (Телефонын алйп қоңырау шалады) 

  • Алло! Көмекшім, маған сырттағы көлігімнен балаларға сыйлықтарды алып келші мұнда. 

Жүр: Аяз Ата,  сіздің көмекшіңіз сыйлықтарды  әкелгенше біздің қыздар сізге би билеп берсін. 

                            Би: «Самба»

Әуен ойналады, сырттан Тышқан қапшықты сүйреп алып келеді. 

Аяз Ата: Ой жарайсың, Тышқан! 

Жүр: Балалар бізде алда келе жатқан қандай жыл? 

Балалар: Тышқан! 

Жүр: Дұрыс айтасыңдар! Міне бізге Тышқанның өзі де келді. Рақмет саған Тышқан! 

Аяз Ата: Жарайсың менің көмекшім! Ал мына сыйлықтарды қабыл алыңдар! 

Жүр: Аяз Ата, рақмет сізге, ал біз сыйлықтарды топқа барып аламыз. 

Аяз ата:  Ақ көрпемді жамылып

Мұздан алқа тағынып

Әр жыл  сайын сендерге

Келіп тұрамын сағынып                                               

Ақшақар: Жаңа жылмен, достарым! Жыл сайын келіп тұрамын!Аяз Ата, Ақшақар, Тышқан балалармен қоштасып шығып кетеді.