"Аққу" тобы, «Арайлы алтын күз» ҰОҚ » КГКП "Ясли сад №185"
Коммунальное государственное казенное предприятие
«Ясли-сад №185»
Управления образования города Алматы
Заведующий:
+7(727) 383-86-88
Методист:
+7(727) 392-77-92
Версия для
слабовидящих
» » "Аққу" тобы, «Арайлы алтын күз» ҰОҚ
10
декабрь
2020

"Аққу" тобы, «Арайлы алтын күз» ҰОҚ

Тақырыбы: « Арайлы алтын күз»

Мақсаты: Балалардың   ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге, әңгіме құрастыруға, заттың түр - түсін  және де басқа  ерекшеліктерін  айта  білуге үйрету. Күз мезгілі туралы білімдерін тианақтау, бекіту.Ой- өрісін қимыл- қозғалысын дамыту,табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге тәрбиелеу.

Билингвалдық компанент: сары жапырақ- жельтый листья, күз- осень, жаңбыр-дождь, жел-ветерь.

Қолданылатын көрнекіліктер: бейне — сюжет (күз мезгілінің көріністері), қима суреттер, көкөністер, жемістер муляжі, АКТ мен жұмыс

Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, сұрақ- жауап, әңгіме құрастыру, жұмбақ жасыру, сипаттау, ойын

- Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Үш ай: Сентябрь, октябрь, ноябрь.

-Балалар, бізге Күз ханшайымынан хат келіпті, сендерге тапсырма беріпті, орындайсындар ма? Ендеше сендер  екі топқа бөлініңдер, қай топ белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берер екен.

 

  


1-тапсырма:Мен сендерге өлеңнен үзінді  оқимын, ал сендер мұқиат тыңдап,қай жыл мезгілі екенін табыңдар:

Жел тынымсыз гуілдеп,          

Болып кетті тым ұзақ.                        

Шуылдайды тал, терек

Жапырағын   жұлғызып.

Сары жапырақ   жауады

Сары құйын  ұйытқан

Сапырады ауаны.                

Ой, алақай, тамаша

Шашу  шашты  жапырақ.

-Дұрыс айтасыңдар, әрине  бұл –күз.



-Күз екенін қалай білдіңдер?



Күз  мезгілі 3 кезеңнен тұрады: Ерте күз, Алтын күз, Қоңыр  күз.

-Бүгін күз мезгілінің соңғы күні, ертеңнен бастап қыс мезгілі келеді.

Балалар  барлығымыз  көгілдір экранға назар аударайық.


2-тапсырма:Сурет бойынша әңгіме құрастыр! (АКТ- мен жұмыс)

АКТ бойынша екі топ екі суретті әңгімелейді.


                                                  

3-тапсырма:-Қандай көкөністер мен жемістерді білесіңдер?

-Көкөністер қайда өседі, ал жемістер қайда өседі?

-Балалар осы тапсырманы орындау үшін ойын ойнайық, Ойын: «көкөністер мен жемістерді ажырат» деп аталады.

Шарты: Бірінші топ- жемістерді тауып, ақ себетке салады, ал екінші топ-

көккөністерді тауып қоңыр себетке салу керек.




Сергіту сәті:

Қатты -қатты жел соқты: гу- гу- гу,

Жапырақтар қол соқты : ду- ду- ду,

Шыдай алмай жапырақтар: пах- пах- пах,

Билеп кетті қалықтап: ах- ах- ах





4-тапсырма: тақтамен жұмыс.

Шарты: балалар АКТ-дағы құрастылыған күзгі суреттердің кемшіліктерін табу.






5-тапсырма: қима суреттерден күз мезгілінің ерекшеліктерін тақтаға құрастыру.


6-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Күз белгісі неде?» 

Балалар педагогтың күз туралы қойған сұрағына жауап беріп, қай топ тез жауап берсе  сол топ   жеңімпаз атанады.

  • Күзде жапырақтар... (сарғаяды)
  • Күзде күн...(суып, жаңбыр жауады)
  • Күзде құстар...(жылы жаққа ұшады)
  • Күзде жаңбыр жауғанда...(адамдар қолшатыр ұстайды)
  • Күзде жеміс- жидек...( піседі )
  • Күзде адамдар астықтарын...(қоймада сақтайды).

Сұрақ:

-Неге бұл жыл мезгілін «алтын күз» деп атайды?

-Күз мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?

- Күз мезгілі мен қыс мезгілінің айырмашылығы неде?

-Неге күз мезгілінде үш ай бар?

-Бүгінгі оқу қызметінде қандай тапсырма орындадыңдар?


Қорытындылау:

-Балалар, міне Күз ханшайымның тапсырмасын орындадыңдар, жарайсыңдар.

-Енді екі топтың балын санап, жеңімпаз топты анықтайық.