"Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік"
Түрксіб ауданы, КМҚК №185 бөбекжай-балабақшасы

«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!»
атты ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген мерекелік
кештің сценарийі
Алматы -2016 жыл
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме құрметті №185 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Ведущая: Здравствуйте! Сегодня нам выпала честь праздновать самый большой, великий праздник — 25-летие Независимости Казахстана. Сколько всего сделано за эти годы! Главное, наш народ обрел свою независимость, он свободно может планировать развитие своей страны и создавать жизнь, достойную человека третьего тысячелетия.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалсын!
ҚР Гимні
Жүргізуші: Бүгін бізде ауқымды мереке – ҚР-ның Тәуелсіздігіне - 25 жыл. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Ведущая: Дорогие ребята, у казахского народа путь к Независимости и свободе был тернистым и долгим. Много веков понадобилось нашим предкам, чтобы заселить, освоить и защитить казахскую землю от врагов и передать им в наследство нам – ныне живущим!
Жүргізуші: «Аққу» тобының тәрбиеленушісі Нұғман Әлидіңорындауында «Жаса Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.
«Жаса Қазақстан!» әні
Жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Мың бұралған биші қыздарымызды «Торсық» биімен қарсы алыңыздар!
«Торсық» биі
Жүргізуші: Елін өлеңіне қоспаған ақын, жырламаған жүрек жоқ шығар. Олай болса «Аққу» мектепке даярлық тобының тәрбиеленушісі Жармұхан Темірланды «Мен қазақпын» өлеңімен және «Балдырған» тобының тәрбиеленушілерін ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым
Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не
өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе
білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Ведущая: Родина – это самое важное, дорогое и всеми любимое слово. У каждого человека есть своя Родина.
Танец: «Здравствуй Столица!»
Жүргізуші: Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Ал балалар біздің мерекемізге батырларымыз да келіп қалыпты. Қараңдаршы, Алпамыс батыр, Махамбет батыр. Бөгенбай батыр.
(Залға әуен ырғағымен батырлар кіреді.)
Алпамыс батыр: Аңыз болып сендерге,
Жүруші едік біз бұрын.
Бүгінде сан елге,
Қызықты өмірің.
Көргендей ертегі,
Болып тұр біздерге.
Жайнасын ертеңің,
Баавгуст сендерге.
Махамбет: Теңдікке халқым жетпедің –
Деп өкініп өткенмін.
Мына тұрған түлектің
Бақытқа қолы жеткен күн!
(Тізерлеп тұрып, оң қолын сол жақ кеудесіне қояды.)
Бөгенбай батыр: Батырлар қарашы,
Жаңа елдің баласын.
Маржандай өрімнің,
Бақыты жарасып. (Тағзым жасайды)
Жүргізуші: Балабақша
тәрбиеленушілері өз еліне, жеріне деген ақ тілектерін айтсақ дейді. Олай болса
тәрбиеленушілерді ақ жүректерінен шыққан ақ тілектерімен ортаға шақырайық.
Қ – Қазағымыз аман болсын!
А - Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем!
З - Заманымыз тыныш болсын!
А - Аман болайық!
Қ - Қыран құстай биік болайық
С - Сарарқа даласында бейбітшілік болсын!
Т
- Табиғатты аялайық
А - Елбасымыз аман болсын!
Н - Нанымыз көп болсын!
Хор: «Біз бақытты баламыз!»
Жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе
бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен
Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі
кездескеше еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ведущая:
Казахстан – это имя
страны,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это имя свободы,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это крылья побед!
Вы дети, самое дорогое богатство нашей страны, это от вас зависит в дальнейшем, чтоб наш Казахстан был сильным, свободным и счастливым! И мы верим в Вас! До новых встреч! До свидания!