Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні!

Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні!
(Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)
Жүргізуші:
Басы барлық ырыстың
Басы барлық ұлы істің
Құтты болсын наурыз той
Ұлы күні Ұлыстың!
Ұлыстың ұлы күні наурыз келді ағайын!
Ведущий: Мы здесь сегодня собрались, чтоб встретить праздник – Наурыз!
Улыбки, шутки, звонкий смех, пусть радуют сегодня всех!
Жүргізуші: Наурыз-ел мен елді бірлікке, ынтымаққа шақырған күн!
Наурыз-татулықтың, достықтың мейрамы. Ендеше, думанды мерекемізді бастаймыз.
Ведущий: На нашу казахстанскую землю пришел весенний праздник Наурыз. И у нас сегодня будет много веселья, радости, песен и танцев
Танец: «Весенние цветы»
(гр. «Ботақан» гр. «Күншуақ»)

Жүргізуші:
Наурыз тойың, наурыз тойың
Құтты болсын халайық
Қош келдің төрлет Наурыз деп
Шырқап әнге салайық
Ән: «Наурыз той» (қазақ топтары)
Жүргізуші: Балалар Нарузы келгенде біздің Әжелеріміз, Аналарымыз Наурыз көже пісіреді. Наурызкөже– Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен( сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс,т.с.с.) жасап, оған қазы,шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
Ведущий: А наши дети знают песню про Наупыз.
Песня «Наурыз»
(старшие гр.,подг.гр., класс пердш.подг.)
Жүргізуші: Балалар, сендер аты шулы Алдар көсені білесіңдер ме? Сол Алдар көсе Шықбермес Шығайбайды қалай алдап кеткенін көргілерің келе ме? (иә)
Ендеше, тамашалайық. Әне, Алдар атамыздың өзі де келе жатыр.
(Музыкамен Алдар кіреді)
Алдар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Наурыз құтты болсын!
Жүргізуші:Рахмет Алдар аға!! Қайда жол тарттыңыз?
Ведущий: Алдар көсе, куда путь держите?
Алдар: Ее, Шықбермес Шығайбай өз сараңдығымен қоймай «Ешкімге дәм татырған емес, мені ешкім де алдап көрген емес, тіпті Алдардың өзі де алдай алмайды» депті. Соған намыстанып, сол байдың үйін іздеп шықтым. Осыдан сол байды алдап қатырмасам ба?
Я ищу Бая, я должен его перехитрить.
Жүргізуші:Ее, солай деңіз Алдар аға! Ендеше, жолыңыз болсын. Бірақ оны алдау мүмкін емес шығар.
Ведущий: А это возможно обмануть Бая?
Алдар: Егер осыдан сол сараң байды алдай алмасам, Алдар атым өшсін. Мен кеттім ендеше. Сау болыңдар.
Если я не смогу его перехитрить я не буду Алдаром Косе. До свидания ребята!
Жүргізуші:Балалар, Шықбермес Шығайбайдың ауылы Наурызға қалай дайындалып жатыр екен, кәне көрейікші.
Ведущий: Ребята, давайте посмотрим как Бай готовитсяк Наурызу.
(Музыкамен Шығайбай кіреді де, төрге жайғасады)
(Бай қазы тіліп, бәйбіше нан илеп)

Бай: Наурыз келіп, ауыл-аймақ думандатып той тойлап жатыр. Әй, бәйбіше, анау көкпар тартып, бәйгеге ат қосып жүрген жігіттерді қарашы.
Би «Бәйге» (гр. «Аққу»)
(Музыкамен Алдар келеді)
Алдар: Ух, жолдан әбден шаршадым-ау! Бұл байеке үйін жердің түбіне жасырып қойған ба өзі? Ел-жұрт дүниемді көріп қояды деп қызғанған болар.
Сейчас посмотрим что произходит в юрте у Бая. Ох сейчас я наемся вкусного, сочного мяса.
Барып терезесінен сығалап көрейінші. (сығалайды) Е-е, бұлар мерекеге арнап жылқы сойған ғой деймін.Шіркін-ай, қарным бір тоятын болды ғой.
(қарнын сипайды) Қой, мен мен одан да үйге кірейін.
(Үйге кіріп келгенде бәрі заттарын қойнына тыға қалады)
Алдар: Ассалаумағалейкум, байеке!
Бай: Е, кел, қайдан адасып жүрген жансың? Не естіген-көргенің бар, айта отыр.

Алдар: Естігенімді айтайын ба, көргенімді айтайын ба?
Бай: Естіген өтірік болар, көргеніңді айт.
Алдар: Айтсам айтайын. Жолда келе жатып, жылан көрдім. Ұзындығы сенің астыңдағы қазыдай. Таспен ұрып жібердім, былш ете түсті иленіп, бәйбіше астындағы нандай. Осының бәрін көріп келдім, етіңді асшы жасырмай.
Я видел змею длинную как твое казы, который ты спрятал, потом я убил эту змею и она развалилась на куски как хлеб, которая спрятала твоя Байбіше.Я это все видел, так что можешь не прятать.
Бай: Ой, тіліңе шоқ түскір!
Бәйбіше: Жағың қарыссын!
Бай: Әй, бәйбіше, мынау Алдар деген қу болу керек. Етіңді ас, амал қанша?
Бәйбіше: Жарайды, ал мен ет асайын.
Бәйбіше: Піс, қазаным бес ай!
Алдар: Е,не дейді, отырайын он ай!
Бай: Әй, бәйбіше, етің пісті ме?
Бәйбіше: Қазір қарайын (қазанды ашып көреді) Жоқ, байеке, еттің қазір пісетін түрі жоқ.
Бай: Онда кәне, төсек сал. Жатып демалайық.
(Төсек сап бәрі жатып демалады. Бәрі ұйықтаған кезде Алдар етті алып жеп,орнына сүйек қалдырады. Алдар қайта жатып қалады.бір кезде бәйбіше байды оятып, ет жейін десе, екеуінің де тісі өтпейді. Ашуланған бай бәленің Алдардан келгенін біліп жатып қалады.)
Бәйбіше: Қап, мына қу байекені аш қалдырғаны-ай, қой мен барып нан пісірейін. (бәйбіше шығып кетеді)
(Таң атып бай ерте оянады)
Бай: Әй, бәйбіше, анау Алдар ұйықтап жатқан кезде маған ыстық күлшеңнің біреуін қойныма сап бер, анаған көрсетпе. Байқа. Көріп қоймасын.
(Бәйбіше нан салып беріп жатқанда, Алдар оянады)
Алдар: Оу, байеке, сіз қайда кетіп барасыз? Бұдан былай көрісеміз бе, жоқ па, белгісіз. Сондықтан келіңіз, қазақтың дәстүрі бойынша төс қағыстырып қоштасайық.
(Алдар құшақтаған кезде ыстық нан Алдардың кеудесін күйдіреді)
Бай: Әй, бәйбіше, алшы мына ит жегір нанды.
Алдар: Әкеліңіз, ит жегенше мен жейін.
Бай: Ей, бәйбіше, мына сұмырайдың көзін құрт. Енді көзіме көрінбесін.
(Бай атқа мініп кетеді)
Алдар: Мінеки, Алдардың ойыны осылай болады.
Ведущий: Ребята, Вот так Алдар Косе наказал жадного бая.
Жүргізуші: Балалар, мінеки Алдар көсе Шықбермес Шығайбайды осылай алдаған екен. Ал енді біз мерекемізді одан ары қарай жалғастырайық. Наурыз-ізгілік пен молшылықтың мерекесі, адамзаттың аузы аққа толатын керемет шақ. Ендеше, наурызға арналған балалардың тақпақтарын тыңдаңыздар.
Балалар тақпақтар айтады (старшая гр, подгот.гр.)
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Биші қыздар билесін
Кәне, қарсы алайық!
Би «Тауыс биі» (гр. «Аққу»)
Жүргізуші: Қазақ халқы үшін, Ұлыстың Ұлы күні күн мене түннің теңесуі деп есептеледі. Осындай Ұлыстың Ұлы күнінің ажырамас бір бөлігі салт-дәстүрлеріміз. Олай болса салт – дәстүрлерді тамашалайық.
Салт-дәстүрлерден кейін Ару-Наурыз келеді.
Ару –Наурыз: Здравствуйте уважаемые гости, дорогие дети!
Ведущий: Здравствуй дорогая Ару-Наурыз!
Ару –Наурыз: Вот и пришло мое время, расцвели кругом цветы и зазеленело трава. И вокруг этих разноцветных цветов пархают красивые бабочки.
Танец «Бабочки»
(гр. «Жұлдызша», гр. «Қошақан»)
Ведущий: Дорогая Ару- Наурыз для тебя наши дети приготовили замечательную песню.
Песня: «Сұлу Көктем»
(старшие гр.подг.гр.)
Ару-Наурыз: Спасио вам за чудесную песню, и за это я хочу поиграть с вами веселую игру.
Игра: «Қазан»
(После игры заходит Қыдыр ата с верблюдом.)
Қыдыр ата.
Здравствуйте дорогие детишки!
Уважаемые гости!
Пусть будет обильным год,
Пусть будет всюду дорога,
Рекою молоко течёт,
Счастья и радости много!
Пусть скот вокруг плодиться,
Достаток нам прибавляет.
Беда пусть к нам не стучится,
И горе с земли исчезает!
Сегодня праздник у нас. Этот праздник празднуем уже много лет. Чтобы счастье и удача не покидали Вас и Ваш дом.
Верблюд: Қош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы халықтың,
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік біз сізге!
Қыдыр Ата: Мы с верблюженком проделали долгий путь сюда, чтобы привести вам Шашу.
(Дает шашу Ару-Наурызу)
Ару-Наурыз: Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін! Көктем жылуы мен өмір қуанышын тілейміз!
(Шашу шашады)
Жүргізуші:
Наурыз келді тамаша
Ән шырқайық таласа!
Балабақша педагогтарының орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!
Ән «Қазағымның дәстүрлері»
Жүргізуші: Осымен наурызға арналған шағын мерекеміз аяқталды. Той тойға ұлассын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Ведущий: И сегодня, отмечая Наурыз,
Всех друзей, гостей я позову.
В тесный круг, на чашку чая,
В нашу праздничную чайхану.


