25
ақпан
2025
Семинар-практикум: «Балабақшадағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін нығайту»
№185 бөбекжай- балабақшасы құзыреттілік орталығының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 25.02.2025 жылы Түрксіб ауданы психологтарына арналған «Балабақшадағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін нығайту» атты семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинар-практикум барысында балабақша психологы ортаңғы және мектепалды топтарындағы гипербелсенді, мазасыз және күрделі созылмалы бейімделу процессі жүріп жатқан балалармен ертегі терапиясы арқылы ҰІӘ ұйымдастырып, педагогтерді "Эбру" әдісімен таныстырды. Сондай-ақ, семинар барысында келген психолог мамандармен тренинг ұйымдастырылып, ашық микрофон арқылы кері байланыс жүргізілді.





