АБИЕВА АЙГЕРИМ БИРЖАНОВНА Алматы қаласы, КМҚК №185 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі «Құм әлемі» атты ортаңғы топқа арналған ашық оқу қызметі
«Құм әлемі» атты ортаңғы топқа арналған ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметінің түрі: Жаратылыстану
Мақсаты: Құммен танысу,тәжірбие жасау арқылы құм қасиетімен таныстыру.Балалардың сана-сезімін дамыту және табиғаттқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу. Сөздік қорларын жетілдіру, толықтыру.
Заттық дамыту орталығы: Ыдысқа салынған құм,құммен тәжірбие жасау құралдары,лупа,қоржын,музыка.
Билингвальді компонент: құм-песок, су – вода, тас-камень
Тәрбиеші және балалар оқу қызметін бастау үшін өз орындарына отырады.
Үстел үстінде әдемі гүл салынған құмыра тұрады.
Балалар оны байқамай шағып алды.
Тәрбиеші сынған шыны ыдыс туралы түсінік береді.
-балалар сендер білесіңдерме құм қай жерлерде болады?
-шөлді далада
-Теңіз жағасында,
-су түбінде
Олай болса теңіз жағсына саяхатқа барғыларың келе ме? Ол үшін өзімізбен бірге керекті заттарымзды алып барайық.
Тәрбиеші балалармен бірге кемеге отырып теңіз жағалауына келеді.
Кілемше отырады.
-Қандай тамаша,міне табиғат аясына да келіп жеттік:
Олай болса алдымен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Армысың қайырымды Аспан ата,
Армысың мейірімді Жер ана
Армысың сәулелі алтын күн!
Армысың достарым,
Армысың қонақтар.
Балалар айтындаршы сендер теңіз жағалауынан не көріп тұрсыңдар?
-Су. су-вода
-Тас. тас-камень
Дұрыс,балалар қане кім маған су туралы айтып береді? су туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
-Димаш:Су мөлдір және тұнық.
-Аружан:Адам денесінің көп мөлшері судан тұрады.
-Томирис:денсаулығымыз мықты боу үшін,күніне көп мөлшерде су ішіп отыру керек.
-Еркеназ: Су ырыстың көзі,еңбек кірістің көзі.
-Аділ:Су барлық тіршілік иелеріне өте қажет.
Дұрыс айтасыңдар су тіршіліктің көзі.
-Ал теңізде нелер өмір сүреді?
Балалар жауабы.
Балалар,ал судың дәмі болды ма?
Олай болса балалар судың дәмін өзгертуге болады екен,ол үшін екі топқа бөлініп тәжірбие жасап көрейік.
Балалар екі топқа бөлініп бірінші топ су құйылған бірінші ыдысқа қант,екінші топ екінші су құйылған ыдысқа тұз салып көреді.
Дұрыс,балалар теңіздің жағасыннан тағы да не көріп тұрмыз?
-құм , Құм-песок
-Иә,балалар біз бүгін «құм әлемімен»танысамыз,қанекей жақынырақ танысайық.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
Ұстап көру
Құм неден құралған?
Құм құрғақ,сусымалы,түсі сары-қиыршық тастардан.
Қиыршықтар қалай көрінеді? не арқылы қиыршықтарды қарастыруға болады?
-Тас-камень
-жақын көрсететін шыны арқылы, қиыршықтар кішкентай,жартылай мөлдір,дөнгелек,бір-біріне жабыспайды.
-жарайсыңдар,балалар білесіңдер ме,құмнан түрлі тәжірбиелер жасауға болады ол үшін біз тобымызға қайтып оралайық.
Кмеге отырып топқа келеді. (әр стол үстінде керекті құрал жабдықтар тұрады)
Балалар біз бүгін сендермен кішкене ғалымдар боламыз.
Балалар өз орындарына орналасады
1.Тәжірбие:Түтікшнің көмегімен құмды үрлеп көру;құрғақ,жеңіл жылжымалы. Ылғалды құмды түтікше көмегімен үрлеу:жылжымайды, қоңыр және ауыр:
Балалр сендер шаршаған боларсыңдар олай болса кішкене серліп алайық.
Сергіту сәті: Балалар әуенді тыңдайды.
2.Тәжірбие: (салыстыру)
Құм мен мамық.Су құйылған әр ыдысқа құм мен мамықты салу арқылы құмды зерттеу:құм суға батады,мамық жеңіл болғандықтан суға батпайды.
Мамық-пух
Балала алдарында су құйылған бір ыдысқа құмды,екінші ыдысқа мамықты салады.
Билингвальді компонент:құм-песок,су-вода,тас-камень.
-қайталайды
3.Тәжірбие:(ойын түрінде)
Әр түрлі қалыптармен теңізде тіршілік ететін жәндіктердің ылғалды құмнан мүсіндер жасауға да болады.
Балалар өз алдарында тұрған ылғалды құмнан қалыптардан пішіндер жасайды.
жарайсыңдар,құмннан көп деген пішіндер жасуға болады екен,сонымен қатар құмды құрлыста,шыны ыдыс,айна жасау үшін пайдалануға болады.
Балалар сендермен біз бүгін қай жерге саяхатқа бардық?
теңіз жағасына
Теңіз жағасында немен таныстық? -су жене құммен
Дұрыс,тәжирбие арқылы нені танып білдік?
- судың дәмін өзгеруін
- құм қасиетін.(түр-түсін,салмағын)
Құмды не үшін пайдалануға және қандай мүсіндер жасауға болады?
Құмннан түрі жәндіктердің мүсінін жасуға,құрлыста,шыны ыдыстар,айна т.б
Баллар бүгін сендерге теңіз жағаысынан қонақ келіпті,сендерге сыйлығы бар екен.
Балаларды бағалау.