19
қараша
2025
«Баланың мектепке психологиялық дайындығы. Қиындықтар, себептері, алдын алу» атты дөңгелек үстел
19 қараша күні №185 «Бөбекжай-балабақшасы» КМҚК мен №59 мектеп-гимназиясы арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету жоспары аясында мектепалды тобының ата-аналары (заңды өкілдері) үшін «Баланың мектепке психологиялық дайындығы: қиындықтар, себептері, алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға мектепалды топтың ата-аналары, тәрбиешілер қатысты. Қатысушылар баланың мектепке психологиялық тұрғыдан дайындалу ерекшеліктерін, мүмкін болатын қиындықтарды, олардың туындау себептерін және алдын алу жолдарын талқылады. Сондай-ақ баланың мектепке жеңіл бейімделуінде отбасы мен педагогтардың бірлескен жұмысының маңызы ерекше атап өтілді. Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өтіп, балабақша мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайтуға, болашақ бірінші сынып оқушыларының табысты бейімделуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.