«Заттық дамытушы орта – үшінші ұстаз» атты семинар-практикум » КГКП "Ясли сад №185"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 383-86-88
Әдіскер:
+7(727) 392-77-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Заттық дамытушы орта – үшінші ұстаз» атты семинар-практикум
22
қазан
2025

«Заттық дамытушы орта – үшінші ұстаз» атты семинар-практикум

2025 жылдың 22 қазан күні КМҚК №185 «Бөбекжай-балабақшасы» мен №59 мектеп-гимназиясы арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету жоспары аясында ересек және мектепалды топ тәрбиешілеріне арналған «Заттық дамытушы орта – үшінші ұстаз» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты – топтарда заттық дамытушы ортаны сауатты ұйымдастырудың қазіргі талаптарын түсіндіру, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және баланың дамуына қолайлы білім беру кеңістігін қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу болды. Практикалық бөлім барысында педагогтар түрлі оқу орталықтарын тиімді құру, материалдарды дұрыс таңдау және балалардың дербес белсенділігін қолдайтын жағдайларды жасау бойынша ұсыныстар алды.