04
ақпан
2026
«Педагог мамандар жүргізетін құжаттарға қойылатын талаптар – кәсіби жұмыстың негізі» атты аудандық педагогикалық шеберхана
Құзыреттілік орталығының жоспарына сәйкес "№185 бөбекжай-балабақшасында" КМҚК Түрксіб ауданы мектепке дейінгі ұйымдарының қазақ тілі педагогтері, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушылары және музыка жетекшілеріне арналған «Педагог-мамандар жүргізетін құжаттарға қойылатын талаптар: кәсіби жұмыстың негізі» тақырыбында педагогикалық шеберхана өтті.
Мақаты: Педагог мамандардың кәсіби қызметінде жүргізілетін құжаттардың түрлерін, мазмұнын нормативтік құжаттарға сай жүргізілуін түсіндіру.
Міндеттері:
1.Педагогикалық құжаттардың нормативтік негізін түсіндіру
2.Әр маманның (музыка, дене шынықтыру, қазақ тілі, логопед) негізгі құжаттарын нақтылау
3.Жоспарлау мен есеп жүргізуде жіберілетін қателерді болдырмау
4.Практикалық жұмыс арқылы құжат толтыру дағдыларын жетілдіру
Іс-шара барысында педагогтердің кәсіби қызметінде жүргізілетін құжаттарға қойылатын талаптар түсіндіріліп, тәжірибелік бағытта әдістемелік қолдау көрсетілді.


