ДЖАНТУРСЫНОВА АЛИНА СЕРИККАЛИЕВНА, әдіскер, «Айтуға оңай» бағдарламасы нұсқасында педагогтармен «Ел боламын десең...» тақырыбында үш тілде өткізілген іс-шара
Әдіскер Джантурсынова А.С.: - Қайырлы таң, құрметті көрермендер! «Айтуға оңай» бағдарламасының бүгінгі саны адамгершілік-патриоттық тәрбие не ұлтжандылық, елжандылық деп жатамыз, сол туралы болмақ. Қазақ халқының ел болып, жер болып қалыптасу тарихы тереңде. Осы орайда елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев былай дейді:«Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі». Қазақ еліне азаттық оңай келген жоқ. Қазақ жері – бүгінгі жас ұрпаққа аманат. Сол жас ұрпаққа жол сілтеуші, қараңғы түнектегі шамдай тұлғалар – әрине ұстаздар, тәрбиешілер. Абай атамыз былай дейді: «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады».Олай болса бүгін біз осы мәселе төңірегінде №185 бөбекжай-балабақшасының педагогтарымен сұхбат жүргізетін боламыз. Ортаға бірінші қонағымыз, №185 б/б қазақ тілі мұғалімін шақырамыз.
Әдіскер Джантурсынова А.С.: -Сәлеметсізбе! Студиямызға қош келдіңіз!
- Бүгінгі біздің талқылап отырған мәселеміз «Адамгершілік-патриоттық тәрбие». Сіз қалай ойлайсыз, адамгершілік-патриоттық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек па?
Қазақ тілі мұғалімі:
- Бүгінгі талқылап отқан мәселелеріңіз өте маңызды деп ойлаймын. Несімен маңызды деп ойлайсыз сұрайсыз ғой. Маңыздылығы: «Ормансыз бұлбұл болмайтындай, Отансыз адам болмайды». Адамды адам ететін оның адамгершілігі. Ал, әр адамның жоғарыда айтқандай өз Отаны бар. Ал сол Отанына деген сүйіспеншілікті мектепке дейінгі жастан емес, ана құрсағынан бастау керек.
Әдіскер Джантурсынова А.С.:
- Өте орынды айттыңыз. Халық арасында жүрген әңгіме ойыма түсіп отыр, Ертеде бір ата жас анадан: «Баланы қанша жасынан бастап тәрбиелеу керек?» деген сауалға, анасы: «1 жасынан бастап деп жауап берген екен». Сонда ол кісі: «Тоғыз айға кешігіп қалдың»- депті. Демек, баланы ана құрсағынан бастап тәрбиелеу керек. Орынды. Әйтсе де айтуға қашан да оңай.
Әдіскер Джантурсынова А.С.:
Біз «Абылайдың ақ жолы», «Оқжетпес», «Дала туралы толғау» сынды тамаша туындылардың авторы, жазушы, журналист Ақтаев Сарбас Ақтайұлынан сұхбат алған болатынбыз. Экранға назар аударыңыздар.
Қазақ тілі мұғалімі:
<!-- [if !supportLists] -->- <!-- [endif] -->Иә бұл кісі өте орынды айтады, жалпы Отанға ғана емес, сүйіспеншілік атаулыны ана құрсағында жатқаннан-ақ бесік жырымен және ананың ақ сүтімен дарыту керек.
Әдіскер Джантурсынова А.С.:
- Иә, ағашты отырғызғаннан яки шыбық кезінен түземесе, кейін түзеу қиын болады дейсіз ғой. Біз баланы тәрбиелеуде оған әсер ететін «ата-ана, қоғам, орта» деп жатамыз. Сіз қалай ойлайсыз «кішкентай адамның» қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
Қазақ тілі мұғалімі:
-Көбісі қоғамды, не отбасын кінәләйді. Әрине айнала, қоршаған орта балаға, адамға әсер ететіні анық. Бірақ адам тамырын тереңге жайып дұрыс бағытта қалыптасса онда оған ешқандай теріс әсерлер ықпалын тигізбейді. Ондай бала жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренетін болады. Балада сана болу керек. Халқымызда мынандай сөз бар: «Е, Алла бала бер! Бала берсең сана бер! Сана бермесең ала бер» деген, сондықтан ұрпағымыз саналы болып өскенін қалаймын.
Әдіскер Джантурсынова А.С.:
- Дұрыс айтасыз. Бір бала, атаға жете туады,
Бір бала, атадан өте туады,
Бір бала, кейін қарай кете туады-дейді халық даналығы. Біз данышпан даналардың сөзімен айтудай-ақ айтамыз, айтылған жерінде қалмаса болғаны. Сіздің ойыңызша, бала бойына елін, жерін сүюі, құрметтеуі үшін басты-басты қандай құндылықтар қалыптастыру керек?
Қазақ тілі мұғалімі:
-Адами құндылықтар ауқымды дүние. Анаға, отбасына деген сыйы бір төбе, еліне деген құрметі бір төбе. Ал ұлтжанды бала тәрбиелеу үшін оның бойына келесі үш құндылықты, үш бақытты ұялату керек.
Әдіскер Джантурсынова А.С.:
- Ол қандай құндылықтар, толығырақ айтып кетсеңіз.
Қазақ тілі мұғалімі:
Ол үш бақыт, үш құндылық ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев жырлаған мыналар еді:
Үш бақытым
Еі бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты десе біреу, Отан дер ем,
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Әдіскер Джантурсынова А.С.:
-Уақыт бөлгеніңіз үшін көп рахмет.
Қазақ тілі мұғалімі:
-Сіздерге де рақмет. Мұндай маңызды тақырыптар үшін ой қозғауға әзірмін. Тек сөзбен ғана айтып қоймай, іс жүзінде іске асыру керек. Кез-келген мәселені мақұлмен емес, ақылмен шешу керек.
Методист Джантурсынова А.С.: Встречайте следующего гостя нашей программы. Воспитатель КГКП я/с №185.
-Здравствуйте! Добро пожаловать в нашу студию. Как вы знаете, всего за 25 лет Казахстан вошел в 50 развитых государств мира. Наш президент Н.А. Назарбаев сказал: «В то время, когда вокруг звучат взрывы, когда гибнут дети и женщины, когда весь мир порожен терактами, в Казахстане царит мир и спокойствие. Это наша с вами заслуга. Трудно найти в современном мире такой пример взаимного уважения в многонациональной стране. Это величайшая ценность, и я искренне горжусь тем, что мы смогли стать таким примером». И конечно мы гордимся нашими достижениями, ведь у нашей страны путь к независимости и свободе был тернистым и долгим. Много веков понадобилось нашим предкам, чтобы заселить, освоить, защитить казахскую землю от врагов и передать её в наследство нам, ныне живущим. Наше будущее – это наши дети. И каким будет наше будущее зависит от того какими будут наши дети. Мы сегодня говорим о нравственности, о патриотизме... как вы думаете с какого возраста нужно воспитывать детей?
Воспитатель:
-Есть такая притча: «У одного мудреца спросили, с какого возраста надо начинать воспитывать ребенка. - А сколько сейчас вашему ребенку? - спросил тот. - Пять дней. - К сожалению, вы уже опоздали на пять дней». То есть, воспитание ребенка можно и нужно начинать еще до его появления на свет. Воспитание детей – это настоящее искусство, которое родителям приходится совершенствовать всю жизнь.
Методист Джантурсынова А.С.:
-Я полностью согласна с вами. Нравственно-патриотическое воспитание – это очень важная и в какой та степени, наверное сложная тема, особенно для детей дошкольного возраста. Как вы думаете, какие методы и способы нужно использовать, для того чтобы формировать в маленьком человеке такие качества, как: «нравственность и патриотизм»?
Воспитатель:
- По мнению многих выдающихся педагогов «дошкольный возраст»является чрезвычайно ответственным в становлении нравственных черт характера. Многочисленные педагогические и психологические исследования подтверждают, что именно в эти годы при условии целенаправленного воспитания закладываются основы моральных качеств личности. К шести-семи годам у ребёнка могут быть воспитаны довольно устойчивые формы поведения, отношение к окружающему соответственно усвоенным моральным правилам и нормам». Особое значение имеют труд и игра. Они являются и средством, и методом воспитания. Игра – важное средство воспитания моральных чувств и представлений, нравственных поступков и культуры поведения.
Методист Джантурсынова А.С.:
- В народе говорят «Родина начинается с семьи». Насколько важна роль родителей?
Воспитатель:
- Роль семьи в воспитании ребенка, бесспорна, велика. Именно в этом институте закладываются основы личности. Дети, как губка, впитывают в себя образцы поведения. Таковыми являются для них в первую очередь родители. Сара Алпысовна Назарбаева сказала: «Быть Человеком - это огромное достоинство». Значит родители в первую очередь должны воспитать хорошего человека, «человека» в полном смысле этого слова.
Методист Джантурсынова А.С.:
- Біз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұстазы, философия ғылымдарының доценті, кандидат, философия ғылымдарының докторы Туғанбаев Қайсар Тұрсынкәрімұлынан сұхбат алған едік. Экранға назар аударыңыздар.
Әдіскер Джантурсынова А.С.:
- Бұл кісінің айтпақшы ойы: «Жаңаның бәрі жақсы емес». Демек біз өткеннің құнды дүниелерінен сусындап, жаңаның жағымдысын ғана алуымыз шарт.
Dzhantursynova Alina Serikkalievna:
- The next guest of our program is the teacher of English kindergarten number one hundred eighty five.
Dzhantursynova Alina Serikkalievna:
- Good morning! Welcome to our studio.
Teacher of English:
- Good morning! I am glad to be here.
Dzhantursynova Alina Serikkalievna:
- The subject of our discussion today is a morally- patriotic education. How do you think is it an important thing?
Teacher of English:
- It is easy just to say, that it’s an important thing, but it is a very needed topic. Every person that worries about his country and wants to be it’s defender must be the patriot. And humanity is the main quality in the persons character.
Dzhantursynova Alina Serikkalievna:
- You are right. Does the humanity education begin from family or kindergarten?
Teacher of English:
- Of course, it begins from family. Human takes the most wise qualities from his family. Family - is a human’s first school.
Dzhantursynova Alina Serikkalievna:
- You are right. Our listener is calling. Hello, we listen to you.
(Our grandmothers were kindergarten for us before. Do you think the current kindergartens give worthy education to the children?)
Teacher of English:
- Nothing can replace our grandmother’s school. All the same kindergartens uses innovative technologies and national pedagogy nowadays.
Dzhantursynova Alina Serikkalievna:
- Thank you, for the interesting discussion. See you later!
Teacher of English:
- Very good topic. I wish a prosperity to our country! Good-bye.
Әдіскер Джантурсынова А.С.: Біз қашанда айтамыз, айтуға қашан да оңай әрине.
Бабаларым,
Рахмет сендерге!
Бабаларым болмасын деп көр кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым,
Рахмет сендерге!
Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,
Арулардың ашпай кеткен сырларын,
Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын,
Қобызыңның шанағынан тыңдадым.
Құлазыған сенің құла түздерің.
Не білмеген, не көрмеген ізгі елім.
Жазылмаған тарихымның жолдарын,
Ауыз екі аңызыңнан іздедім.
Сыр ашпайды
Сенің құла түздерің.
Сыр ашпайды
Тау-тастағы іздерің.
Сенің бүкіл болмысыңның тарихын,
Домбыраңның пернесінен іздедім.
Іздедімде сәттерімде түңілген,
Тастап кеткен аңызыңа жүгінгем.
Жүгінгем де қайта туғам тірілгем.
Тарихымды жазудамын бүгін мен,
Бабаларым сенің ана тіліңмен!-деп ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, кешегі алаштың арда ұлдары мен 86-ның боздақтары, 2-ші дүниежүзілік соғысындағы ерен ерлердің ержүрек ерліктері мен Абылай сынды ханымыз армандаған, жырауларымыз жырлап күткен тәуелсіздіктің әрбір таңының атуы – сол қайта тумас тұлғалардың арқасы. Мың да бір тағзым... Олар мыны байтақ қазақ жерін, қазақ елін бізге аманат етіп тастап кетті. Ал аманатқа қиянат жасамайтынын өздеріңіз де білесіздер. Елбасымыз айтқандай, «Болашақ – жас ұрпақтың қолында». Ал сол жас ұрпаққа тәрбие мен білім беретін ата-ана және сіздер мен біздер құрметті әріптестер! Біз кешегі Мағжан ақынымыз айтқан «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін» деген балларды, жас ұрпақты тәрбиелеуіміз қажет, бұл біз үшін – парыз деп білемін. Отбасы, қоғам, білім беру ордалары болып бірге, жұмыла көтерейік осынау «маңызды жүкті» ағайын!
Келесі кездескенше еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!