Кадирсизова Айдана Аскаровна Алматы қаласы, КМҚК №185 бөбекжай-балабақшасының қазақ тілі мұғалімі «Елімнің құдіретті, әрі қасиетті тілі. Ұлттық құндылықтар» атты мектепалды даярлық тобымен өткізілген ашық оқу қызметі
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің мақсаты: Балаларды қысқаша қазақ тілінің тарихымен, салт-дәстүрмен, бұйымдармен, ұлттық құндылықтармен таныстыру. Ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, интерактивті тақтаменен жұмыс, сиқырлы қалам әдістемелік құралды пайдалану.
Заттық дамыту орталығы: сиқырлы қалам әдістемелік құралы, интерактивті тақта, тіл, ұлттық құндылықтар туралы слайд
Полингвальді компонент: тіл-язык-language, дәстүр-традиция-tradition, ою-
орнамент-ornament, зергер-ювелир-jeweler
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог: Балалар, бүгін ерекше күн екен. Біздің ашық оқу қызметіне қонақтар келіп отыр. Олай болса,балалар,қонақтармен амандасып алайық.
Сәлем күн ана!
Сәлем жер ана!
Сәлем достарым!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз. Қане, бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.
Балалар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.
Тосын сый.
Музыка ойналады. Балалар бізге хат келіпті. Хатта біз саяхатқа шығып, аялдамалар арқылы қазақ халқының құндылықтарымен танысады екенбіз.
Аялдама арқылы саяхатқа шығамыз.
1 аялдама – Тарих-тіл
Қазақ тілінің қалыптасу тарихы, түркі тілдерінің негізгі бір тобы ретінде ежелгі сақ (б.з.д.ғ.), үйсін және қаңлы тайпаларынан басталады. Орта ғасырларда, бірнеше феодалдық мемлекеттердің ресми тілі болып саналған түркі тілдерінің тобына кіреді. Біздің мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
Язык - это душа каждой страны. Государственным языком является казахский язык, который является одним из крупнейших языков тюркской группы.
Педагог: Нұрәлі, Эрика, Жасмин ана тілі туралы жыр шумақтарын біледі. Қанеки, бәріміз тыңдайықшы.
Әліппе әні. Балалар тілімізді жаттықтыру үшін әнімізді айтып алайық.
2 аялдама – Дәстүр
Бесікке салу
Бесікке салу - нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді.
Педагог:Балалар, білетін бесік жырын айтып берейікші.
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем жылама,
Көздің жасың бұлама.
Ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә,
Ұйықтай ғой, балам.
Сергіту сәті
«Қара жорға» биінің әуенімен сергіту сәтін жасау.
3 аялдама – Ұлттық бұйымдар, ою
Қазақтың салт – дәстүрі мәңгі ұшан – теңіз. Асыл қазына ұлттық бұйымдар ғасырдан – ғасырға сақталып жалғасын тауып келе жатқан көне дерек. Қазақтың ұлттық бұйымдары – түпсіз терең дария. Сол шексіз мұхиттан таралған текемет, алаша, қоржын, аяққап, сырмақ, кебеже, адалбақан, шайсандық, жүкаяқ, бойтұмар, шашбау, шолпы, өңіржиек, алқа, сақина, сырға, қамшы, сойшаңғы, шақша, абдыра, кебенек, камзол, бешпент, тақия, шапан, сәукеле, қапсырма, т. б. түрлері өте көп. Олардың әрқайсысының өзіндік мән – мағынасы, ерекшелігі, көздің жауын алатындай ғажап көрме. Бұйымдарымыз ұлттық оюмен безендіріліп жасалынған.
Педагог: Маретта ою-өрнек туралы өлең жолдарын біледі. Тыңдап көрейік.
Ою-өрнек әлемі
Бүгінгі күндей сақталған.
Күнде көріп жүреміз,
Ұрпақтарға жалғасқан.
Қошқар мүйіз – бараний рог
Бұл өрнек – қазақ оюының ең көне элементтерінің бірі. Ол көшпелі тайпалардың тұрмыс күйінен туған. «Қошқар мүйіз» өрнегімен, әдетте, композицияның орта тұсы әшекейленеді. Киіз бұйымдарында (текемет, сырмақта), тоқымашылықта (басқұр, алаша, кілемде), сондай-ақ былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарда кездеседі. Бұйымдардың кейбір түрлерінде бұл ою түсті шүберектерден ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде тігіледі.
Сынық мүйіз – сломанный рог
Халық шеберлері оюдың зооморфтық үлгідегі басқа да түрлерімен қатар, «сынық мүйіз» өрнегімен кілемдерді, шилерді, басқұрларды, алашаларды, әр түрлі қалталарды безендірген. Бояудың негізгі түстері: қызыл, жасыл, қара
Ботагөз – глаз верблюжонка
Шебер мұндай өрнекпен тоқыма және кесте бұйымдарын әшкейлегенде заттардың түрі мен тұтынылу мәнісін ескерген. Бұл ою композицияның орталық бөлігінде кездеседі.
Дыбыстық жаттығулар
-і-і-і – тіл
-ға-ға-ға – сырға
-о-о-о – ою
-із-із-із – мүйіз
Қимылды ойын: «Оқтау тартыс» (перетяника)
Қорытынды
Сұрақтар қою арқылы ашық оқу қызметін аяқтау.