Аудандық ҰІӘ шеруі
25 қараша күні аудан көлемінде мектепке дейінгі білім беру саласының сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуын дамыту мақсатында ҰІӘ шеруі ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан балабақшаларынан келген педагогтер қатысып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы заманауи әдістемелерді таныстырды. Шеру барысында әр топ бойынша ашық ҰІӘ және ОІӘ ұсынылып, қатысушылар балалардың жас ерекшеліктеріне сай ҰІӘ/ОІӘ ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін, ойын арқылы оқыту әдістерін және цифрлық құралдарды қолданудың мысалдарын көрді. Педагогтер өздерінің тәжірибесін бөлісіп, жаңа әдістемелерді талқылап, бір-бірімен кәсіби пікір алмасты. Іс-шара соңында қатысушылар мектепке дейінгі білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын ортаға салып, алдағы бірлескен жұмыс жоспарларын талқылады.
