«Кел, ғажайып Жаңа жыл!» » КГКП "Ясли сад №185"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 383-86-88
Әдіскер:
+7(727) 392-77-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кел, ғажайып Жаңа жыл!»
27
желтоқсан
2023

«Кел, ғажайып Жаңа жыл!»

1-бала: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, қонақтар. Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен «Алпамыс» мектепалды  тобы  құттықтаймыз!

2-бала: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!                    3-бала: Келіңіздер, келіңіздер,

           Таңырқанып тұрмаңыздар.                                 Би де билеп беріңіздер.

           Сәнді шырша шақырады                                    Қызығы мол Жаңа жылдың,

           Шырша жырын жырлаңыздар                             Тамашасын көріңіздер!

4-бала: Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріміз,

          Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз.

            Жарқырасын біздің әсем шыршамыз,

                     Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!!!

Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Кел, ғажайып Жаңа  жыл!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл-күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.  Олай болса   шыршамызға арнап  «Жаңа жыл» әнін орындайық.

Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы мына әсем шыршаға. Бұл шыршаны бізге Аяз ата сыйлық етіп бақшамызға  жіберген. Ал, енді Аяз атамыз бен Ақшақар келгенше шыршаның шамын жағып жарқыратып қойяық. Олар келгесін  қуансын.

Балалар шыршаның қасына жақындап тұрады. Жарықтар өшеді. 1,2 рет қоңырау соғылады балалар санайды. Шырша шамы жанады, қуанып қол шапалақтайды. Балалар  отырады.

Жүргізуші:  Ару айдай бір қыз бар,

                  Аты оның Ақшақар.

                  Көздері бар ботадай,

                  Тістері ақ маржандай.

                  Би билейді әндете,

                  Балаларды жүгірте.-деп ораға   Ақшақар  қызды шақырамыз.

Көңілді  музыка  әуенімен Ақшақар кіріп келеді. Қолында мұздан жасалған таспасы бар.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

                    Сәлеметсіздер ме, қонақтар?

                    Жаңа жыл құтты болсын!

                   Жаңа жылда жаңа бақыт,

                    Жаңа жыр болсын!

                    Жаңа жыл барлықтарыңа

                    Күміс күлкі әкелсін!

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ақшақар! Қош келдіңіз біздің балабақшаға. 

Ақшақар: Балалар мен алыс сапардан ертегі әлемінен келдім. Сендердің Жаңа жылдық мерекелеріңді көруге келдім. Сендер Жаңа жыл мерекесіне  әбден дайындалдыңдар  ма? (балалар: Ия дайынбыз!)  Бірер минуттардан кейін Аяз аталарыңда  келіп қалады.   Ал, менің қолымда  өте нәзік мұздан жасалған музыкалық  таспам  бар. Бұл таспаның ішінде түрлі  ән, би, ойындар бар. Бұл таспаны мен абайлап күтіп  ұстауым  керек. 

Ақшақар балаларға мұздан жасалған таспаны көрсетеді.

Ақшақар: Ой, балалар мына жер сондай  ыстық сияқты. Менің мұз таспам еріп кететін болды.

Жүргізуші: Ақшақар сіз уайымдамаңыз, менің қыздарым  «Ұлпақарлар» биін билеп, мұз таспаңызды құтқарады.

Ақшақармен би: «Ұлпақарлар»

Биден кейін Ақшақар шөлдейді. Залдың бұрышында құдық тұрады.

Ақшақар: Ой, балалар мен сондай шөлдеп кеттім. Мына шелекен су ішіп алайын.

Шелектің қасына барады. Мұз таспаны жерге қоя салады. Шелектен қорқынышты  қарқылдаған күлкінің  дауыс естіледі. 

Ақшақар: Қандай қорқынышты   дауыс. Қорқып кеттім. Бұл шелекте  біреу бармекен. Қарап  көрейінші, су алып ішпесем болмайды.

Ақшақар жайлап шелекке басын иіп қарай бергенде қатты әуен естіледі, залға Жезтырнақ кіріп келеді. 

Ақшақар: (шошып кетеді)  Сіз кімсіз?   

Жезтырнақ: Мен қорқынышты Жезтырнақпын. Мен бала кезімнен-ақ біреуге жақсылық жасағанды жек көремін. Мен жамандықты жақсы көремін. Ешқендай Жаңа жыл мерекесі болмайды. Жаңағы  мұз таспа қайда? 

  (жерде жатқан жерінен тауып алады)   Ах!!! Міне жатыр екен!!!

Ақшақар: Жоқ, жоқ!!! Оған тиіспеңіз. Беріңіз маған. Жезтырнақ  өтінемін!!!

Жезтырнақ: Мен сендердің ойын, ән, билеріңді сындырып  жан   жақа ұшырып шашып тастаймын. Бұл мұз таспа әр түрлі ертегілер  әлемінде шашылып  жүрсін.

Жезтырнақ  мұз  таспаны  тарс  еткізіп төртке бөліп  сындырып тастайды.

Жезтырнақ: Ақшақар енді  сені өз срайыма  алып  кетемін ха-ха-ха-ха-ха. Ол жақта сен мәңгіге қаласың  тас етіп қатырып  тастаймын. 

Ақшақарды алып кетеді.

Жүргізуші: Енді не істейміз балалар?   Жезтырнақ  Ақшақарымызды алып кетті және мұз таспаны да сындырып  шашып тастады. 

Осы кезде батырлар ертегісінен келген  ковбойлар шығады.

1-ковбой: Мұз таспаның   сынықтарын жинауға, мына біз батырлар көмектесеміз. 

Би: «Ковбойлар биі»


Биден кейін шыршаның түбінде жатқан мұз таспаның бір сынығын 2ші ковбой табады. Жүргізушіге береді.


2-ковбой: Міне мұз таспаның бір сынығын таптым.

Жүргізуші: Ооооо, Қандай кремет! Жарайсыңдар нағыз батыр екенсіңдер. Міне балалар  мұз таспамыздың бір бөлігі табылды. Егерде барлық бөліктерін тауып құрастырсақ  Жезтырнақтың сиқырлы күші жойылады. Сосын Ақшақарды құтқарамыз. Және Аяз атамызда мерекемізге келеді. Олай болса, көңілімізді ойынымызды ойнайық. 

Музыкалық ойын: «Жаңа жылды тойлайық»


Жүргізуші: Балалар  енді екінші бөлігін табуымыз керек. Ол қай ертегіде жатыр екен?

Осы кезде Винкас перизаттары пайда болады.

1-2 перизат: Біз Винкас перизаттары   ертегісінен  келдік. 

3-4 перизат: Мұз таспаның сынықтарын табуға көмектесеміз.

Би: «Жұлдызшалар»


Биден кейін Винкас перизаты таспаның екінші бөлігін шыршаның түбінен табады. Жүргізушіге береді.


1 перизат: Міне мұз таспаның екінші сынығын таптым.

Жүргізуші: Рахмет сендерге Перизаттарым. Жарайсыңдар.

Жүргізуші: Енді балалар мұз таспамыздың үшінші сынығын тағы қай ертегіде жатыр екен.

Осы кезде Маша мен Аю ертегісінен Маша қыз би билеп секіріп келеді.

Маша: Келесі ертегі мен боламын Маша қыз. 

Жүргізуші: Маша қыз сәлеметсің бе?

Маша: Сәлеметсіз бе! Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жүргізуші: Маша сенің досың Аю қайда?

Маша: Аю досым ол қыс мезгілі болған кезде, өзінің апанында ұйықтайды.

Жүргізуші: Маша сен Ақшақардың мұз таспасының сынықтарын көрдің бе?

Маша: Мен оны бір жерде көрген сияқтымын. Бірақ балалар сендер ағылшын тілін білетін болсаңдар маған ағылшынша ән айтып беріңдерші. Мүмкін сол кезде тез-ақ табылып қалар.

Ән: «Happy new year»

Әннен кейін Маша мұз таспаның үшінші сынығын табады.

Маша: Міне балалар мұз таспаның үшінші сынығын таптым.

Жүргізуші: Рахмет Маша саған. Жарайсың! 

Маша : Ал, балалар мен әрі қарай ертегі әлеміме қайтайын. Достар сендерге сәттілік. Сау болыңдар!

Маша шығып кетеді.

Жүргізуші: Балалар  міне мұз таспаның үшінші бөлігін таптық, енді соңғы бір бөлігі қалды. 

Ортаға  Қоян (бала) ескі жылдың иесі жүгіріп келеді.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы бізге кетер жылдың символы Қоян келді. Мүмкін қоян бізге көмектесер. Қоян іздеп қарағанша біз оған көңілді оркестр ойнап берейік. 

                            Оркестр: «Көңілді оркестр»


Оркестрден кейін қоян мұз таспаның 4-ші бөлігін тауып алады. 

Қоян: Балалар міне төртінші мұз таспаның бөлігін таптым.

Жүргізуші: Рахмет саған Қоян. Жарайсың!!!  Енді оны тездетіп бір – біріне құрастырайық. Жезтырнақтың күші жойылсын! Аяз ата мен Ақшақарымыз ортамызға келсін.

Қоян: Ия мен балалар ескі жылмын, бұл мұз таспаны келе жатқан Жаңа жыл иесі Ұлуға  беремін. 

Әуенмен залға Ұлу келеді. 

Ұлу: Мен Жаңа жылмын!  Мен Жаңа жылмын!

                       Әр үйге келсін Жаңа жыл,

                       Әр үйде болсын жаңа жыр,

                       Бақытқа толсын сағыныш,

                       Әр үйде болсын қуаныш! 

Жүргізуші: Қош келдің, Жаңа жылдың иесі  елімізге, жерімізге  құт береке болып кел!!!

Ұлу: Енді мен таспаны құрастырайын.     

Жүргізуші: Балалар, ұлу таспаны құрастырғанша біз көңілді ән орындап берейік. 

                                      Ән: «Келді міне жаңа жыл! »

(Мұз таспаны құрастырады. Көңілді музыка ойналады.Сағаттың даусы естіледі.)

Жүргізуші: Балалар  міне Ақшақардың мұз таспасын түгелдеп жинап қойдық. Енді мен таспаны айналдырайын. (әдемі музыка естіледі)

Кең пейілді, мол мейірлі,

Сағынышпен табысқан,

О, алақай Аяз атай,

Келе жатыр алыстан!!!

Ал, балалар Аяз ата мен Ақшақарды қошеметпен қарсы алайық.

Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Аяз ата: Жаңа жылдарыңмен!

             Балаларым, балғыным,

             Өмір гүлім шалғыным.

             Тілегенім жыл бойы,

             Сендердің денсаулығың!

             Амансыңдар ма, ұлдарым,

             Аппақ ару қыздарым?

             Мен сендерге әкелген,

             Құтты болсын жылдарың!

Ақшақар: Жаңа жылға келдік біз,

                Қуанамыз бәріміз!

                Менің атам көңілді,

                Балаларды сүйеді.

- Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!!!

(балалар амандасады.)

Жүргізуші:  Аппақ қарға оранған,

                  Қыс келбеті тамаша

                  Аяз ата, Ақшақар,

                  Келді біздің бақшаға.

- Балалардың орындауында «Сәлеметсіз бе, Аяз ата!» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Сәлеметсіз бе, Аяз ата!»

Жүргізуші: Келіңіз Аяз ата төрлетіңіз, балаларыңыз  жаңа жылғы   арнап жаттаған  тақпақтарын айтып береді.

Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып,

                 Жасаймыз той жылда біз.

                 Жарқын, жарқын ән салып,

                 Жалғасады әнге жыр!

- Ал, балалар Аяз атамызды ортаға шақырып ойын ойнайық. 

Ойын: «Аяз атамен ойын»

Аяз ата: Қандай көңілді ойын ойнадық. Жарайсыңдар балалар!!! Ой, мен қатты ыстықтап кеткен сияқтымын. Мына шелектен су ішіп алайын.

Шелектен алып су ішкендей болады.

Аяз ата: Ой, шөлім қанбай қалдығой, тағыда су ішіп алайын.

                                                 Шелекке басын иіп қарайды.

Аяз ата: Мына шелекте не бар? Су бітіп қалған ба? Ақшақар қызым қарап көрші, менің көзім көрмей жатыр. 

Екеуі шелекке иіліп қарайды. Осы кезде залға Ұлу келеді қолында сыйлық толы қапшығы бар. 

Ақшақар: Алақай Аяз ата балалардың сыйлықтары келді. Бұл шелек сиқырлы шелек екен. . Қол соғайық балалар.


Аяз ата: Міне балалар сендердің Жаңа жылдық сыйлықтарың. 

Балалар: РАХМЕТ, АЯЗ-АТА!!! 

Ақшақар: Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

                Жаңа жылда шақырады бар өмір.

                Бақыт болып Жаңа жылым келді ғой,

                Құтты болсын,құтты болсын Жаңа жыл!  

- Ал, Ата балалармен қоштасайық.Енді біз келесі балабақшаға баруымыз керек.Онда өздерің сияқты кіп-кішкентай балалар күтіп отыр.Қош сау болыңдар!

Аяз-ата мен Ақшақар шығып кетеді

Жүргізуші:   Әр үйге келсін Жаңа жыл,

                   Әр үйде болсын жаңа жыр,

                   Бақытқа толсын сағыныш,

                   Әр үйде болсын қуаныш! 

Жүргізуші жаңа жылдық ертеңгілікті аяқтайды.