№2 әдістемелік кеңес: «Педагогтің АКТ құзыреттілігі: жоспарлаудан диагностикаға дейін» » КГКП "Ясли сад №185"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 383-86-88
Әдіскер:
+7(727) 392-77-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №2 әдістемелік кеңес: «Педагогтің АКТ құзыреттілігі: жоспарлаудан диагностикаға дейін»
12
қараша
2025

№2 әдістемелік кеңес: «Педагогтің АКТ құзыреттілігі: жоспарлаудан диагностикаға дейін»

МДҰ жылдық жоспарына сай «Педагогтің АКТ құзыреттілігі: жоспарлаудан диагностикаға дейін» тақырыбында №2 әдістемелік сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) тиімді қолдану құзыреттілігін арттыру, заманауи цифрлық құралдарды оқу-тәрбие процесінде жүйелі пайдалану жолдарын талқылау. Әдістемелік сағат барысында төмендегі мазмұнды баяндамалар ұсынылды:

🔹 «Қазіргі педагогикадағы АКТ-ның маңызы» тақырыбында Кутлукмаметова Н.К. сөз сөйлеп, цифрлық технологиялардың білім беру сапасын арттырудағы рөліне, педагогтің кәсіби дамуына әсеріне және инновациялық орта қалыптастырудағы мүмкіндіктеріне тоқталды.

🔹 «Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда АКТ қолдану» тақырыбында Касенова А.М. тәжірибелік мысалдар негізінде цифрлық платформаларды, интерактивті ресурстарды және онлайн құралдарды тиімді пайдалану жолдарын көрсетті.

🔹 Қазақ тілі мұғалімі Кадирсизова А.А. «МДҰ әлеуметтік желілерді жүргізу: ашықтық, өзара әрекеттесудің заманауи құралы» тақырыбында баяндама жасап, әлеуметтік желілерді дұрыс жүргізудің маңыздылығын, ата-аналармен кері байланыс орнатудағы рөлін және ұйым имиджін қалыптастырудағы тиімді тәсілдерін таныстырды.

Іс-шара барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, АКТ құралдарын жоспарлау, ұйымдастыру және диагностика кезеңдерінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Қатысушылар заманауи цифрлық ортада кәсіби құзыреттілікті жетілдіру – сапалы білім берудің басты шарты екендігін атап өтті. Әдістемелік сағат нәтижесінде педагогтердің АКТ саласындағы білімін жетілдіру бағытында нақты ұсыныстар қабылданып, алдағы уақытта цифрлық технологияларды оқу-тәрбие процесіне жүйелі енгізу жоспарланды.