«Ұлттық ойындар әлемі: фотоаппарат пен микроскоп объективінде» атты аудандық workshop » КГКП "Ясли сад №185"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 383-86-88
Әдіскер:
+7(727) 392-77-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұлттық ойындар әлемі: фотоаппарат пен микроскоп объективінде» атты аудандық workshop
22
сәуір
2026

«Ұлттық ойындар әлемі: фотоаппарат пен микроскоп объективінде» атты аудандық workshop

Құзыреттілік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 22 сәуір күні №185 бөбекжай-балабақшасында мектепалды топ тәрбиешілеріне арналған «Ұлттық ойындар әлемі: фотоаппарат пен микроскоп объективінде» атты аудандық workshop ұйымдастырылды.
Іс-шара ұлттық ойындарды фотоаппарат пен микроскоп арқылы зерттеу, мектепалды жастағы балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи білім беру әдістерін тәжірибеде қолдануға бағыт беру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға мектепалды топ тәрбиешілері және аудандық мобильді топ мүшелері қатысты. 
Балалар ұлттық ойынды фотоаппарат пен микроскоп арқылы зерттеді. Бұл олардың ұлттық ойындардың құрылымы мен ерекшеліктерін тереңірек түсінуіне, қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыруға және зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ қатысушыламен шебер-сынып ұйымдастырылып, педагогтер ұлттық ойын элементтерін тәжірибеге тиімді енгізу тәсілдерімен танысып, өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік болды. Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, мұндай тәжірибелік кездесулердің маңыздылығын атап өтті.