«Анамызға сыйлық»
«Алпамыс» мектепалды даярлық тобының ертеңгілік сценарийі
Әуенмен залға ұлдар кіреді. Жарты шеңберге тұрады.
1-бала: Балалар, мереке басталатын уақыт болды, ал біздің қыздар қайда жүр?
2-бала: Олар әлі топта шаштарын тарап, киімдерін сәндеп жүрген болар. Келіп қалған шығар.
3-бала: Олай болса бәріміз қыздарды ортаға шақырайық.
Әуен ойналады, қыздар ортаға кіріп жарты шеңберге тұра қалады.
4-бала: Біздің топтың қыздары шеттерінен сұлу екен ғой, қараңдаршы.

5-бала: Ия, жігіттер, бәрі шеттерінен әдемі болып кетіпті.
6-бала: Олай болса осы қыздарға арнап ән шырқап жібермедік па?
Ән: «Айхай қыздар-ай»
Жүргізуші: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Кұрметті әже, аналар!
Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен, 8 март әжелер, аналар, қыздар мерекесімен де шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілеймін! Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер! Ертеңгілімізге қош келдіңіздер!
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағын,-дей отырып балалардың тақпақтарын қабыл алыныздар!
1-бала: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам
2-бала: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын
3-бала: Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
4-бала: Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттык кетпес баладан
Жүргізуші: Ой жарайсыңдар,олай болса келесі кезекті аналарымызға арнаған әнімізге береміз,қабыл алыңыздар.
Ән: «Анашым, анажаным»
Жүргізуші: Балалар, мереке күндері ән айту ғана емес, сыйлықтар беру де әдетке айналған. Біз аналарымыз бен әжелерімізге не бере аламыз? (балалардың нұсқалары). Олар үшін ең керемет сыйлық, менің ойымша гүл шоқтары. Міне, қараңдаршы, мында себет те бар екен, бірақ ол бос. (жүргізуші бос себетті көрсетеді, онда хат бар).
-Ал себеттегі гүлдер қайда? Балалар, мында хат бар екен. Оқып көрейік.
"Ешқандай гүл шоқтары болмайды! Ал көктем ешқашан келмейді! Әрқашан қыс болады! Мен сендердің гүл шоқтарыңды алып, барлық Гүлдерді шашып тастадым. Егер сендер барлық тапсырмаларды орындап, гүлдерді жинасаңдар, мен кетемін, көктемге жол беремін. Егер жоқ болса, онда жер әрқашан қыс болады және көктем ешқашан келмейді!!! Қыс Ханшайымы"
Жүргізуші: Балалар, енді не істейміз? Ал сендер тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? (балалардың жауабы) Олай болса мен сендерге сенемін, біздің қолымыздан келеді деп ойлаймын.
Әуен ойналады залға Күн кіреді.
Күн: Сәлем достар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, шуақты күн! Біз сізді мерекеде көргенімізге қуаныштымыз. Біздің қалай киінгенімізді, залды қаншалықты әдемі безендіргенімізді қараңыз. Бұл мерекеге барынша дайындалып келсек, аналарымызға арналған сыйлығымызды Қыс ханшайымы алып кетіпті, бізге көмегіңіз керек.
Күн: Қыстың не істегенін естідім. Мен сіздерге гүл шоқтарын табуға көмектесемін. Бірінші гүлді іздеу керек.
Жүргізуші: Ол үшін қайда бару керек?
Күн: Айналамызға мұқият қарайық, мүмкін бір белгі көрініп қалар. (Күн залды айналып жүреді де қызыл гүлдің жапырағын тауып алады.) Балалар, қараңдаршы мында бізге бірінші белгі беріліпті . (қызыл гүлдің жапырағына тапсырма жазылған) Мұнда «Жауабын тап» деп жазылыпты.
Жүргізуші: Балалар мұнда жұмбақтар жазылған екен. Біз жұмбақтарды шеше аламыз ғой?
1-тапсырма
1.Қыз кеп жасыл көйлекті,
Сай- саланы сөйлетті.
Құс біткенді сайратты,
Бар даланы жайнатты.(Көктем)
2.Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп. (күн)
3. Қар астында қыстады,
Ақпен бөркiн тастады. (Бәйшешек)
Күн: Жарайсыңдар, балалар, қараңдаршы, біздің аналарымызда қызыл гүл пайда болды. (музыка естіледі және аналардың бірі Қызыл гүлді көтеріп, тәрбиешіге береді,).Ал, достар, келесі гүлді іздейтін кез келді.
2-тапсырма
2 тапсырма: "Айырмашылығын тап" балаларға сурет ұсынылады, 3 айырмашылықты табу керек. Аналарға күрделі суреттегі айырмашылықтарды табу ұсынылады (5-10) айырмашылықтар) Ойнағаннан кейін, аналардың бірі қызғылт сары гүлді көтеріп, тәрбиешіге береді.)
Күн: Жарайсыңдар балалар, ата-аналарға да рақмет көмектеріңізге , қане келесі гүлді іздеп көрейік, қане көңіл көтеріп бір би билеп берерсіңдер мүмкін.
3-тапсырма
Би: «Ұлдар»
(Би билегеннен кейін, аналардың бірі сары гүлді көтеріп, тәрбиешіге береді.)
Жүргізуші: Жарайсыңдар жігіттер, міне сары гүл де табылды.
Күн: Балалар қараңдаршы мында жасыл гүлдің жапырағы жатыр екен, мұнда не жазылған екен?
Жүргізуші: Мұнда сендердің сиқыршы, тапқырлықтарыңды дәлелдеу керек екен. Бізге бұл тапсырманы орындау сөз емес, қане, сиқыршымызды ортаға шақырйық.
4-тапсырма
«Сиқыр көрсету»
(Тапсырманы орындағаннан кейін, аналардың бірі жасыл гүлді көтеріп, тәрбиешіге береді.)
Күн: Келесі гүлді табу үшін мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
5-тапсырма
Ойын: Эстафета

(Ойын ойнағаннан кейін, аналардың бірі көгілдір гүлді көтеріп, тәрбиешіге береді.)
Күн: (күн күркірейді) Ой, балалар, менің кетуім керек. Ауа райы бұзылып бара жатыр, ары қарай мен сендерге көмектесе алмаймын. Сау болыңдар!
Жүргізуші: Рақмет саған Күн. Бірақ біз не істейміз? Қалған гүлдерді қалай табымыз?
Әуен ойналады, Қыс ханшайымы кіріп келеді.
Қыс ханшайымы: Солай, солай, Көктемді күтіп отырсыңдар ма, көктем келмейді.
Жүргізуші: Қыс ханшайымы, ашуланбаңыз, көктемді қарсы алатын уақыт келді.
Қыс ханшайымы: Көктем? Қайдағы көктем, сендер менің тапсырмаларымды толық орындамадыңдар. !
Жүргізуші: Асықпаңыз, біз сіздің тапсырмаларыңызды орындап көрейік, егер барлық таспырманы орындасақ сіз көктемге жол бересіз.
Қыс ханшайымы: Жарайды, олай болса, менде мынындай заттар бар, бұлардың не екенін білмеймін де, осылармен көңілді әуен ба, би ма бірдеңе жасаңдар, менің көңілім көтерілетіндей.
Оркестр: «Көңілді оркестр»

(Тапсырманы орындағаннан кейін, аналардың бірі көк гүлді көтеріп, тәрбиешіге береді.)
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы көк гүл де табылды, енді бір ғана гүл қалды.
Қыс ханшайымы: Ха-ха-ха сендер ол гүлді ала алмайсыңдар, таба алмайсыңдар. Ол күлгін гүл менде, мен сендерге бермеймін.
Жүргізуші: Енді не істейміз балалар? Гүлді алмасақ көктем де келмейді, аналарымызға сыйлық та болмайды, мүмкін Қыс ханшайымына арнап жылы , әдемі сөздерімізді айавгуст.
Қыс әдемі, аппақ, сұлу, таза ауа, сырғанақ тебетін кез, жаңа жыл мейрамы т.б.....
Қыс ханшайымы: (айналып жүріп) Мен сендердің жылы сөздеріңнен еріп бара жатырмын, менің солтүстікке кетуім керек. Көктемді қарсы алыңдар міне сендерге күлгін гүлдерің, сау болыңдар (деп шығып кетеді)
(Осыдан кейін, аналардың бірі күлгін гүлді көтеріп, тәрбиешіге береді.)
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, тамаша! Сендер барлық тапсырмаларды орындап шықтыңдар.
Әуен ойналып, залға Көктем аруы келеді.
Көктем аруы: Сәлеметсіңдер ме достар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!
Қандай әдемісіңдер, қандай көңілдісіңдер.
Жүргізуші: Көктем аруы , біз де сізді көргенімізге қуаныштымыз. Біз сізді күттік, сағындық, және сіздің келуіңіз үшін балалармен көп кедергілерден өттік.
Көктем аруы: Ия, ия, білем мені қыстың құрсауынан құтқарғандарың үшін көп көп рақмет!
Жүргізуші: Олай болса, балалар сізге арнайы дайындаған әндерін орындап берсін.
Ән: «Көктем шақырады»
Жүргізуші: Көктем аруы, бүгінгі керемет мерекеде балалар аналарын , қыздарды мерекемен құттықтады, енді әжелермізді де құттықтайық.
Ән: «Сағындым әже»
(Әннен кейін Көктем гүл салынған себетті алып шығады. )
Көктем аруы: Балалар, жарайсыңдар, сендер әжелеріңді, аналарыңды , қыздарды меремен құттықтап керемет өнер көрсеттіңдер. Қане олай болса, сұлу қыздар мына гүлдермен әдемі би билеп беріңдерші.
Би: «Гүлдер»

Көктем аруы: Жарайсыңдар балалар, енді менің кететін уақытым болды. Мен қоштаспаймын,әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар.
Жүргізуші:
Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңда.
Осымен кешімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа- дей отырып бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз аман болсын! Құрметті аналар, әжелер, әріптестер сіздерді «Алпамыс» тобының бүлдіршіндері шын жүректен құттықтайды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүрің деп балалардың сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Ән: «Ана»
