Тәжірибелік семинар: «Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыс жасаудың тиімді түрлері»
Түрксіб ауданы мобильді топ жұмысының 2024 жылға арналған жоспарына сәйкес 24 ші сәуір күні КМҚК №185 бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыс жасаудың тиімді түрлері» тақырыбында Түрксіб ауданына қарасты балабақша педагогтеріне арналған тәжірибелік семинар өтті. Семинар барысында балабақша педагогтері топтардың ата-аналарымен бірлесе отырып практикалық жұмыс жасап, әртүрлі жұмыс формалары бойынша тәжірибелерімен бөлісті. "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады" деген асыл сөздің сырына үңілетін болсақ, бала - әкеден ақыл, анадан - мейірім алады. Олай болса тәрбиеленушілердің ең басты ұстазы ата-ана болғандықтан, аталған тақырып бойынша атқарылған іс-шара балабақша мен отбасы арасындағы сабақтастықты нығайтып, өзара еркін пікір алмасуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді деген ойдамыз.




