«Ана - біздің гүліміз» » КГКП "Ясли сад №185"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 383-86-88
Әдіскер:
+7(727) 392-77-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ана - біздің гүліміз»
04
наурыз
2024

«Ана - біздің гүліміз»

«Аққу» ересектер тобына арналған ертеңгіліктің сценарийі

«Әлемнің жарығын» әнімен балалар қорапшаның артынан шығады, екіге бөлініп тұрады. 

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме қадірлі де құрметті қонақтар,аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай, сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған «Аққу» ересектер тобының бүлдіршіндерінің дайындаған «Анабіздің гүліміз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

Балалар ең асыл жан кім? \Ана\

Айым,күнімботақаным деп еркелететін кім? \Ана\

Балалар бізге ең тәтті,ең дәмді тағамды кім дайындап береді ? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мереке? \Аналар мерекесі\

Осындай үлкен мерекеде аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап  тақпақ, ән айтамыз.


Жүргізуші: 

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағын,-дей отырып балалардың тақпақтарын қабыл алыныздар!


1-бала

Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам 


2-бала:

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын 


3-бала:

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді. 


4-бала:

Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттык кетпес баладан 


Ағылшын тілінде тақпақтар

                                               Ән: «I love mommy»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.

Балалардың бірі хат тауып алады.

Жүргізуші: Міне қызық? Мына хат кімнен келді екен? Кәне оқып көрейік. Сәлеметсіңдерме балақайлар! Мен көктемнің апасы, қыс ханшайымымын.

Сендер менімен бірге қыс мезгілін қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен сырғанап көңіл көтердіңдер. Енді менің Сібір жаққа кететін уақытым болды. Ал менің сіңілім көктем аруы әлі ұйқыда жатыр. Сендер бүгінгі мерекеде ән салып, би билесеңдер сонда көктем аруы ұйқысынан оянатын болады. Көктем келген кезде айнала құлпырып, күн сәулесі мол шашып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешектер гүлдеп, құстар қайтып келетін болады. Қош сау болыңыздар. (Сәлеммен қыс ханшайымы)

Жүргізуші: Қыс ханшайымы көңіл көтеріңдер деді ғой. Олай болса көңіл көтерейік .(Музыка ойналып ішке сыпырғышымен мыстан кемпір кіреді)

Мыстан: Қараңғы үйшікте тұрамын,
 Сиқырлаймын, алдаймын,
 Сыпырғышыммен ұшамын
 Мұнда бала көп екен
 Бұл  өзі 
не болды екен?

Балалар: Бұл «№185 бөбекжай-бақшасы»

Мыстан: Демек, мен дәл түскен екенмін ғой, жақсы болды! Ормандағы досым айтып еді. Балабақшада балалар көктемді қарсы алып, аналар мен әжелерді мерекелерімен құттықтап жатыр. Ал сендер мені шақырған жоқсыңдар. Мына мені Мыстан сұлуды(өзін қолымен көрсетеді) шақыруды ұмытып кеттіңдер. Сондықтан мен сендерді кешірмеймін. Мерекені болдырмай, сендерді осы жерден қуып шығамын!(балаларды қорқытады)

Жүргізуші: Әй Мыстан күшіңді құр босқа жоғалтпай, шаршамай-ақ қой. Біз сенен қорықпаймыз.

Мыстан: Ах сендер менен қорықпайды екенсіңдер, қазір мен айқайлаймын (айқайлайды), сыпырғышыммен ұрайын (сыпырғышпен жерді ұрады). Мен сендерге көктем аруын жібермеймін. Айналаны қара түнек, көңілсіздік басатын болады. Ол сендерге көңіл көтеруге мұрша бермейді. Көктем аруы да оянбайды. Ал көктем келмесе мерекені де тойлай алмайсындар!

Жүргізуші: Біз көңілді халықпыз. Ән салып, би билеп, қөңіл көтеріп, қара түнекті қуамыз. Сосын , Мыстан , бүгін мереке ғой, тек қана аналардың мерекесі емесғ  әжнлнрдің де мерекесі, сол үшін отырып балалардың әжелерге арнап дайындаған тақпақ, әндерін тыңда. 


1.Ақ әжемді әрқашан.

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін.


2.Әжемде мейраммен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

Әжетай сізді жақсы көрем деп,

Ақырын құлағына сыбырлайын.


3.Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем апамды

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем әжемді.


4.Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем,

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.


5.Апамыз біздің мейірімді:

Әлпештейді көңілімді.

Әкем, шешем анасы

Әркез тілер өмірімді.


Ән: «Әжем менің осындай»

Мыстан: Ой қандай керемет ән, әже туралы, менің де әже екенімді есіме түсірдіңдер. Жарайды маған ұнап жатыр! Бірақ мен сонда да берілмеймін. Күшті болсаңдар менің көңілімді тағы да көтеріп билетіп көріңдер. Сендер мені билете алмайсыңдар.

Жүргізуші: Ах, мына мыстан өзінің жеңілісін мойындамады ғой. Балалар, көңілді би билеп мына мыстанды билетсек қайтеді?

Би: «Сұлу қыздар»


Мыстан: Менің көңілімді көтердіңдер! Сендер жеңдіңдер! Бірақ мен оңайлықпен берілмеймін. Ойын арқылы мен сендердің шапшаңдықтарыңды тексеріп көрейін. Дайынсыңдар ма?

Балалар: Иә

Ойын: «Қәне сыпыр»

Шарты: Төрт баладан екі топға бөлінеді. Әр топқа қарама-қарсы орындық тұрады. Қолдарындағы сыпырғыш пен шарды сыпырып келген ойыншы келесі ойыншыға беріп, ойын қайталанады. Эстафетаны тез ойнап бітірген топ жеңіске жеңеді.

Мыстан: Жарайсыңдар, бұл бақшада  шапшаң, өнерлі әрі қөңілді балалар көп екен. Қөңілім көтеріліп, бір жасарып қалдым,би де биледім. Жарайды, менің орманға қайтатын уақытым болды. Мен барып көктем аруын оятайын. Ал, сендер, мені келесі мерекеге шақыруды ұмытып кетпеңдер! Қош сау болыңдар!

Жүргізуші: Балалар, қалай ойлайсыңдар ең асыл жан кім? - Анамыз
 Қызығыңда, бұзығыңда көтеретін кім? Анамыз
 Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап, демеу беретін кім? Анамыз

Олай болса орнымыздан тұрып аналарымызға арнап ән айтайық.

Ән: «Көп жаса Анашым»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, әнді керемет айттыңдар, енді балаларымыздың ана туралы көрінісін қабыл алыңыз.

Көрініс: «Үш Ана»

Ортаға стол және үш орындық қояды. Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр. Айару қыздың киімін киген бүлдіршін.

Жүргізуші: Ойыннан келген Айару қуыршағын іздеді. Столдың астынан тапты да, хал сұрауды көздеді.

1-қыз: Қызым менің қалайсың,
 Томсырайып қарайсың.
 Қарның ашып отырмай,
 Тамақ ішсең жарайсың.
 Егер тамақ ішпесең,
 Қу сүйек боп қаласың.
 Отыр қәне қасыма,
 Тамақтанып аласың.(Қуыршағын алдына алып отырады)

Жүргізуші: Айарудың осы сәт, Анасы үйге кіреді. ағат таппай қызының қалын сұрап біледі.

Анасы: Айаружан, бүгін сен,
 Тамақ ішіп көрдің бе?
 Қызықтап әлде ойынды,
 Кешке дейін жүрдің бе?
 Күнде саған ұмытпай,
 Тамағыңды іш деймін.
 Тіл алмайсың қырсығып,
 Осы сені не істеймін. (Отырады)

Жүргізуші: Анасының артынан, аптығып әже кіреді. Ол дағы өз қызының қалын сұрап біледі.

Әжесі: Айналайын, алтыным,
 Шаршадың ба, жарқыным.
 Ішпедің ау тамақ та,
 Жайын ойлап жалпының.
 Қарашығым, қарағым,
 Түсіңкі ғой қабағың.
 Сөткемен тұрып жұмыста,
 Болмай қалдау тамағың (Отырады)

Жүргізуші: Аналардың елжіреп,
 Ет бауыры барады.
 Әрқайсысы сұқтанып,
 Өз қызына қарады.

Бәрі: «Үш Ана»

Қандай қиын, қараңдаршы,
 Қырсық мінез бала болу.
 Бәріненде оңай емес,
 Білсеңіздер Ана болу!


ЖүргізушіЖарайсыңдар кішкентай болашақ әртістер. Көрініс аналарыңа ұнағанына сенімдімі. 

Ал енді қараңдаршы, Далада қар бар ма? (Жоқ)

Неліктен қар жоқ? (Өйткені күн жылы)

Күн жылынып,қар ери бастаса жылдың қай мезгілі деп айтамыз?(Көктем)

Қар еріді,су ақты,
 Күндер келді шуақты.
 Байтақ дала келбеті,
 Тү
rті кілем сияқты.
 Көкке бояп өңірді,
 Көктем келді көңілді.
 Бау бақшада орман да,
 Құстар әні төгілді.
 Жаңбыр жауып басылды,
 Күлімдейді көкте күн.
 Кемпірқосақ асылды,
 Өрнегідей көктемнің.(Көктем өрнегі)

Жүргізуші: Олай болса көктем ханшайымын ортаға шақырайық.

Көктем ханшайымы: Сәлем, сәлем балақайлар,
 Құрметті аналар, әжелер,
 Қуаныңдар алақайлап.
 Құстар әнін ала келдім,
 Жерге кілем жаба келдім.
 Жан бітіріп табиғатқа,
 Гүлдерімді ала келдім.

Жүргізуші: Амансыңба, Ару көктем! Ұлан- байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.

Ән-хоровод «Көктемде»

Көктем ханшайымы: Сәлеметсіңдерме балалар,мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Кең даламды хош иісі мен, сұлулығымен жайнатқат менің әсем гүлдерім мен аналарымызға қуаныш сыйлап, би билеп берейік.

Жүргізуші: Көктем ханшайымы,алдымен қыздарымыздың гүлдер туралы тақпақтарын тыңдайық.

Көктем гүлі бәйшешек,
 Мен боламын қараңдар.
 Наурыз Сәуір айында,
 Мен шығамын жайқалып.
 (Бәйшешек )

Қырғалардың төрінде,
 Қаулап көзге ұрамын.
 Құлпырып жайнап өңірде,
 Қып қызыл боп тұрамын. (Қызғалдақ)

Жауқазынмын жайқалған,
 Сұлу гүлмін жайнаған.
 Көктемде мен гүлдесем,
 Құлпыра кетер айналам.
 (Жауқазын )

Әдемімін сұлумын,
 Менен қай гүл аса алған.
 Мен боламын Раушангүл,
 Гүл патшасы атанған. (Раушангүл)

Би: «Көктем вальсі»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, келесі кезекті ұлдарымызға берейік. Көңілді оркестр ойнап берсін. 

«Көңілді оркестр»


Көктем ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, өте өнерлі балалар екенсіңдер. Менің қолымда әдемі гүлдер бар. Сол гүлдермен ойын ойнайық. 

Ойын: «Гүлдерді жинау»

Көктем ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, енді менің кететін уақытым болды. Мен қоштаспаймын,әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар.

Жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында,
 Лайым мұң қонбасын жанарыңда.
 Осымен кешімізді аяқтайық,
 Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа- дей отырып бүгінгі «Ана - біздің гүліміз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз аман болсын! Құрметті аналар, әжелер, әріптестер сіздерді «
Аққу» тобының бүлдіршіндері шын жүректен құттықтайды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүрің деп балалардың сыйлықтарын қабыл алыңыздар.