«Тіл – достықтың алтын көпірі» » КГКП "Ясли сад №185"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 383-86-88
Әдіскер:
+7(727) 392-77-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл – достықтың алтын көпірі»
05
қыркүйек
2024

«Тіл – достықтың алтын көпірі»

Тілдер мерекесіне арналған мерекелік іс-шара

Жүргізуші: 

Нұр шашады алтын күн,

Отанымда мереке.

Қона берсін еліме,

Бақыт, шаттық, береке.

Құрметті балалар, қонақтар «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты мерекелік іс-шараға  қош келіпсіздер! 

5 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы.  

Ведущая: Добрый день, уважаемые педагоги,  ребята,  родители. Ежегодно    5 сентября в Казахстане отмечается День языков. Это общий праздник для всех народов Казахстана. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалсын.

Исполняется Гимн РК


Жүргізуші: Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған балабақшамыздың мектепалды топтарының арасында өтетін мерекелік ертеңгілікті бастауға рұхсат етіңіздер. 

Әр адам өзінің   тілін  шыр   етіп дүние    есігін   ашқаннан    бастап құлағына   сіңіруі тиіс. Себебі тілін білген адамның бойында    ұлттық,     халықтық,   елдік, мемлекетшілдік қан ойнайды. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді.

Жүргізуші: - Балалар біз қай елде тұрамыз?

  • Еліміздің бас қаласы қай қала?
  • Мемлекеттік рәміздерді кім атап береді?

Ведущая: Самое прекрасное на свете - Родина. 

У каждого человека есть своя Родина.  

Родина наша - это страна,

Очень и очень большая она.

Родина наша - это наш дом,

Где мы все вместе дружно живём.

И каждый любит ее. Любит родные леса, поля, любит свой народ, любит свой родной язык, сказки, танцы, книги. Без Родины и без своего народа человек не может жить. 

-В какой Республике мы живем? (ответы детей)

-Наша Родина, как и все другие государства имеет свой флаг, герб и гимн.

-Назовите столицу нашей Республики Казахстан?

Жүргізуші: «Алпамыс» мектепалды тобының тәрбиеленушілерінің ана тілі туралы жыр жолдарын қабыл алыңыздар.

Ведущая:Язык - это общественное явление, которое действует на протяжении всего существования человечества. История не знает ни одного человеческого коллектива, который бы не пользовался языком. И это понятно. Человек существует только в обществе. Он постоянно связан с другими людьми. Средством общения служит язык. При помощи языка люди передают свои мысли, желания, чувства. 

Дети из группы «Күншуақ», «Жұлдызша», «Ботақан» прочитают стихи о родном языке, о Родине и про дружбу.


Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз жырлағандай келесі кезекті әсем әнге берейік.  «Алпамыс» мектепалды даярлық тобының орындауында 

«Анамның тілі» атты әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Дидактиалық ойын: «Кім тапқыр?»

Ойын шарты: Берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал басқалар балалар бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.

Ведущая: Ребята мы хотим с вами поиграть. Игра называется «Кто находчивее?». Правила игры мы покажем одному ребенку картинку, он должен изображать что там, а вы должны отгадывать. 

Сөздер: қолшатыр, қоян, ит, аю


Жүргізуші: Бүгінгі тіл мерекесіне жиналған қонақтар енді біздің балаларымыздың ойынын тамашалаңыздар. Ойынымыз «Шаңырақ» деп аталады. Әр топтан 5 бала шығады. Музыка әуенімен барлығы шеңбер құрып жүреді.Қай топ өзінің шеңберін адаспай тезірек тапса, сол топ жеңімпаз атанады.

Ведущая: Ребята, давайте мы с вами сейчас поиграем игру которая называтеся «Шаңырақ». Каждый  группы выходит по 5 человек. Будете бегать под музыке по кругу, когда музыка остановится вы должны поднять свой «Шаңырақ».

Жүргізуші:

- Жарайсыңдар балалар.

- Бүгінгі тіл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын!

Ведущая:

- Вот и подошёл к концу наш праздник, посвященный к Дню языков! Желаем всем всего вам доброго и прекрасного!