Нахипова Жумакүл Балтахожаевна "Матаның қасиеті"

Оқу қызметінің тақырыбы: Матаның қасиеті.
Оқу қызметінің мақсаты: Мата мен қағазды салыстыру арқылы қасиетімен танысу.Қоршаған ортадағы заттар және үлкендердің еңбегіне жанашырлық сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Білімділік: матаның қасиетімен таныстыру, мақта және зығыр маталардың алынуы туралы білім беру;
Дамытушылық балаларға: мата мен қағаздың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру.Қарапайым тәжірибелік зерттеулер жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру,Қоршаған ортадағы заттарға ,ересектердің еңбегіне құрметпен қарауға үйрету.
Тәрбиелік: балаларды әдемілікті сезіне білуге, ұқыптылыққа тәрбилеу.
Оқу қызметінің әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Оқу қызметінің көрнекілік құралы: мата қиындылары, қылқалам,бояулар,ыдыстағы су,қағаз,
Сөздік жұмыс:қағаз, ағаш, мата, мақта, умаждау,жырту,желімдеу, тігу , үтіктеу.
Шаттық шеңбері:Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Амандасу тағы бар,
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Тәрбиеші: Балалар орындарына жайғасады.
Балалар, бізде бүгін ерекше оқу іс-әрекеті болады.
Мата мен оның қасиеттерімен танысамыз.
Барлық тоқыма маталар талшықтардан тұрады. Ол талшықтарды түрлі табиғи (мақта, зығыр, жүн т.б.), сондай-ақ, химиялық талшықтардан алынады.
Өсімдік талшықтарынан алынған табиғи мата шығаруда мақта мен зығыр қолданылады.
Зығыр – зығыр матасы әдетте сұр түсті,жылтыр болып келеді.
Мақта - матасы ақ түсті, жалтырамайды және кедір-бұдырлы болып келеді.
Мата қазақ өлкесіне бұрын Ұлы Жібек жолы арқылы Шығыс, Оңтүстік Азия елдерінен, кейін Ресейден тасып әкелінген.
Матаны алу
Мақтаны егеді, оны өсіру үшін көптеген адамдар еңбек етеді.Мақта піскен соң комбайынмен жинайды.Жиналған мақтаны қоймаға тасиды.Оны жуып тарап оларды бауға бөледі,содан соң жіп иіріледі.
Жіптен мата тоқылады.Матадан әртүрлі киімдер ,бүйымдар тігіледі.
Сөздік жұмыс:
Мата - мақтадан жасалады. Мақтадан тұрлі маталар жасайды. Сонан соң матадан киімдер тігіледі.
Қағаз - жұқа материал,ағаштан жасалады. Ағаштың адамға пайдасы көп. Ағаш ауаны тазартады,жазда күннен қорғайды. Одан әртүрлі заттар жасайды.
Сондықтан ағаштар мен мақтаны бағалау керек. Олар адамдарға өте қажет.
Үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауымыз керек.
Мақта-хлопок –Cloth
Жіп-нитка-thread
Мата-Материал –cotton
Тосын сәт: қонаққа тігінші келеді.
1-тәжірибе:
-Атлас лентаны (матаның біртүрі) умаждаймыз.Енді оны жазып көріңдер.(Оны үтіктеу.тәрбиеші өзі корсетеді.Ескерту үтікті балаларға ұстауға болмайды.Үтіктен өрт шығуы мүмкін.)
-Қағаз лентаны умаждаймыз,сонан соң жазыңдар Қағазға не болды?
Балалардың шешімі: Мата умаждалады ,үтіктеледі.
Балалардың шешімі: Қағаз тез умаждалады және жарамсыз болып қалды.
Тіл ұстарту: қа-қа-қағаз,
ма-ма-мата екі-үш рет қайталату.
2-тәжірибе
-Матаны қолмен жыртыңдар, қиып, содан соң тігеміз.(Балаларға көрсету, ескертпе инемен жұмыс жасағанда абай болу керек.Себебі ол кіріп кетуі мүмкін. Кішкентай балаларға үстауға болмайды.)
-Мына қағаз лентаны жыртамыз,содан соң желімдеу керек.(балалар орындайды)
Балалардың шешімі: -Мата қолмен жыртылмайды,қайшымен қиылады және оны тігеміз.
-Мына қағаз лентаны жыртамыз,содан соң желімдеу керек.(балалар орындайды)
Балалардың шешімі: -Қағаз лента жыртылады оны желімдейміз.
Ойын: «Суретке қарап жалғасын табап»
Ине -------------------------------- сызады
Мақта ---------------------------- өлшеуіш
Қайшы --------------------------- жазады
Үтік -------------------------------- оқу құралы
Сантиметрлік лента --------- мата
Сызғыш ------------------------- тігеді
Карандаш ---------------------- қияды
3-тәжірибе:
-Атлас лента мен қағаз лентаны байлаймыз.
Балалардың шешімі: -Мата тез байланады.
Балалардың шешімі: -Қағаз тез жыртылып қалады.
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
4-тәжірибе:
Қағаз лентаны мен Мата лентаны суға саламыз.
Балалардың шешімі:-Мата лента суға салғанда суды сіңіреді және оны сыққанда сығылады,кебеді. Кепкеннен кейін жарамды болады.

Балалардың шешімі: -Қағаз лента суға салғанда суды сіңіреді және жыртылады.Жарамсыз болып қалады.
5-тәжірибе: Сурет салу.
1-ші топ балар қағазға сурет салдыру,
2-ші топ балаларына матаға сурет салдыру.
Қортындылау.
Д/О: « Қара да тап» (қағаз бен және матадан жасалған заттарды тауып,атау)
Сонымен: балалар біз сендермен мата мен қағаздың қасиеттерін ажырата білдік..
- Матаның қандай қасиетімен таныстық ?
- Мата умаждалады,оны үтіктеуге болады,мата жай жыртылмайды,оны қию керек,содан соң ине-жіппен тігуге болады,суланады және кебеді,сурет салуға болады.
-Қағаздың қандай қасиетімен таныстық?
- Қағаз умаждалады,жыртылады,оны желімдеуге болады суды тез сіңіреді және жарамсыз болып қалады,сурет салуға болады.
Тігіншінің марапаты: Балаларға жұлдызша таратылады.