Қарттарды құрметтейік! » КГКП "Ясли сад №185"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 383-86-88
Әдіскер:
+7(727) 392-77-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қарттарды құрметтейік!
01
қазан
2019

Қарттарды құрметтейік!

Жүргізуші:  Құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы сіздерді 1-қазан қарттар мерекесімен құттықтаймыз. Мемлекетімізді осыдан 29 жыл бұрын 1990 жылы ізгілікке, үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, адамгершілікке 14 желтоқсанда 1-қазан қарттар күні деп есептеуге қаулы шығарылды. 

Қарттар дегеніміз- біздің ата-әжелеріміз халқымыздың өткені мен бүгіні. Олар бізге өздерінің ақылдарын айтып, жақсы іске үйретті, өнеге, тәлім-тәрбие берді. Сондықтан біз үлкендерді сыйлауымыз, оларға құрмет көрсетуіміз керек. «Қарттары бар ел - бақытты ел» дей отырып,  «Қарттарды құрметтейік» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. 

Жүргізуші: Құзы терең тең құлашты шалқардай,

Ғасырларда сырлар шертіп айтардай,

Отырады үй төрінде қомданып, 

Аман болшы, аман болшы қарттарым.,-дей отырып, бүлдіршіндеріміздің ата-әжелеріне арналған тақпақтарына кезек береміз. 

«Аққу» тобының тәрбиеленушілері

1-бала:     Әдептілік белгісі -

               Иіліп сәлем бергені,

               Алла берген ұл-қызың,

               Маңдайдағы жұлдызың.

               Қариясы бар адам,

               Дариясы бар адам.

2-бала:     Шай ішетін қоюлап,

               Жақсы көрем атамды.

               Сырмақ сырған оюлап,

               Жақсы көрем апамды.

3-бала:     Ата  үлкен кәріміз,

               Қуат берген дәріміз,

               Әуелете аялап,

               Ардақтаймыз бәріміз.

4-бала:     Ұл-қызына ерген,

               Немерең біз әже.

               Немерелеріңнен өрген,

               Шөберең біз әже.


Жүргізуші:  Күн нөсерін төгейік,                   

                 Жырдан моншақ өрейік,

                 Уа, жамағат ал енді,

                 Әнге кезек берейік .


Ән:  «Әжемнің шәйі»



Жүргізуші: Балалар әже деген қандай болады?

Балалар: Жақсы,мейірімді,әдемі.

Жургізуші:Ал сендер, әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?Сыйлайсындар ма? Әжелеріңмен ойын ойнайсыңдар ма? Олай болса әжелерімізді ойынға шақырайық. 


       Ойын: «Құрақ жасау»



Жүр: Келесі кезекте «Алпамыс» ортаңғы топ балаларының тақпақтарына береміз.

1-бала:   Ақыл құйған санама,

             Күннен де артық расында.

             Күн алыста, ал әжем,

             Ылғи менің қасымда.

2-бала:  Ақ жаулықты әжемді,

            Ай нұрына теңедім.

            Әр ісінен үлгі алып,

            Еркін өсіп келемін.

3-бала:  Әжем өрнек тереді,

            Сырмақ отыр оюлап.

            Басы ауыра береді,

            Шай ішпесе қоюлап.

Жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар,

                 Әсем ән мен тәтті күй.

                 Көңілге түрлі ой салар,

                 Әнді сүйсең менше сүй - дей отырып келесі кезекті әнге береміз.

Ән: «Әжем»


Жүргізуші:  Ата-әже ауылымның асылдары,

                   Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

                   Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би,

                   Сіздер үшін мереке ойындары – дей отырып кезекті ойынға берейік.

-Балалар олай болса,ойын ойнаймыз ба?


Ойынымыздың аты: «Білек жығыс»


Жүргізуші:Жарайсыздар балалар,келесі кезекті

«Қарлығаш» ортаңғы топ  балаларымыздың мерекелік тақпақтарына берейік.

1-бала:     Шай қайнатып берейін,

               Шекер салып жан әжем.

               Өзім құйып берейін

               Балдай тәтті бал әжем.

2-бала:    Аман болсын басыңыз,

              Ағармасын шашыңыз.

              Шөбере сүйіп әлі де,

              Жүзге жетсін жасыңыз.

3-бала:   Әжетай,нұрға толсын жүзіңіз,

             Қуаныңыз,шаттаныңыз, күліңіз.

             Тіршіліктің қызығына бөленіп,

             Аман-есен ортамызда жүріңіз.


Жүргізуші: «Бабаларым, рахмет сендерге!

                   Балаларым болмасын деп бос кеуде,

                   Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

                   Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым,рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне,балалар,біз өзімізді ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз.Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы,адамгершілігі мол,мейірімді болу арқылы ғана,оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.Қарттарымызды ардақтап өтейік!Оларды сыйлаңдар,қадірлеңдер!





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив