"Балабақша мен отбасы"

«Қарлығаш» ересектер тобының ата-аналарымен өткізілген трениг, ойындар.
Тақырыбы: «Балабақша мен отбасы»
Топ тәрбиешісі - Нахипова Жумакүл Балтақожақызы
Мақсаты: Ата-аналардың өзара қарым қатынаста болу, психологиялық кеңес, экологиялық кеңес ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы ата-анамен жақын танысу.
Көрнекілігі: музыка жазылған үнтаспа,қағаз,қаламдар,алмалар,шам,себет.
Шаттық шеңбері:
Ата-аналарды қолымыздан ұстап,шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын.Қане бәріміз қолымызды ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық,жылулық шеңбері деп атаймыз. Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне сондықтан да бұл шеңберді жылулық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып,күлкімізді сыйлайық.

Танысу: Әр ата-ана өзін таныстыру керек, өзінің атына екі-үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалға: Айдай сұлу Айсұлу.
Экологиялық кеңес:
Табиғат жасыл әлеммен сұлу. Осы әлемді әрмен қарай ұстап қалу үшін үнемі ағаш отырғызуымыз қажет. Ағаштар қандай табиғатқа жатады?
-Неліктен олай ойлайсызар?
-Өйткені оларда біз сияқты өседі?
-Олардың өсуі үшін не керек?
-Ауа,су,жарық,жылу қажет.
-Ағаштар адам үшін қандай пайдасы бар?
-Көлеңке болады,әдемілік үшін,жихаздар үшін пайдаланылады.
Тренинг: Енді ата – аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең мағызды нәрсе ағаш,енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.

Ал енді ата-аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діңдер бір бөлек отыруымыз керек.
Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар?
Ал сіздер не үшін жапырақты таңдадыңыздар?
Ал сіздер не үшін діңді таңдадыңыздар? Соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар.(әр топтың сөзі тыңдалып,қошеметпен шапалақ ұрылып отырады)
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес,психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңді таңдағандар берік,мықты біреуге тірек бола білетін адамдар.Жапырақ таңдағандар сұлулуқты,әсемдікті,ұқыптылықты қалайтындар.Енді ата-аналар мына үлкен қағазға «Тамыр тобы» тамырды, «Діңгек тобы» діңгекті, «Жапырақ тобы» жапырақты саламыз.
Музыкалық сүйемелмен, қалам-қағаздар.
Ұстаздарыңызға деген талап –тілектеріңізді «тамыр тобы» тамырға, «жапырақ тобы» жапыраққа, «діңгек тобы» діңгекке жазыңыздар.
Осы ағаштың тамыры –ата ана, діңгегі тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді. Енді мына себеттегі алмаларды алып балаларымызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп,балаларымыздың қызығын көрейік.
Музыкалық сүйемелмен ,тілек жазу.
Ойын: «Кім екенін тап?»
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей ,өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады.Өзінің ұнамсыз қасиеттерін жазу керек.Бұл мінездемеде жазылған беттерді жетекші жинап алып,араластырады да арасынан біреуін алып дауыстап оқиды.Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.
«Тілек гүлі» (қортындылау)
Мақсаты: тренинг пікірлерін ортаға салу.
«Міне қоштасатын да сәт те жетті.Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балабақша арасындағы қарым –қатынастың түрлі жақтарын тануға ,жан-жақты талқылауға қатыстық.Отбасы үшқан ұя-жылылықтын,жылулықтын мекені. «Отбасы»атауының мәніне терең үңілер болсақ ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сезінеміз.Сондықтан оттың басы ,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір–бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға нұр шашыла берсін демекпін.