Абиева Айгерим Биржановна "Пластмасса әлемі" » КГКП "Ясли сад №185"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 383-86-88
Әдіскер:
+7(727) 392-77-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абиева Айгерим Биржановна "Пластмасса әлемі"
27
ақпан
2019

Абиева Айгерим Биржановна "Пластмасса әлемі"

«Алпамыс» ортаңғы тобында өткізілген ашық оқу қызметі


Білім беру саласы: Таным  

Оқу қызметінің тақырыбы: «Пластмасса әлемі»                                                                  

Оқу қызметінің мақсаты: Балаларды пластмассадан жасалған заттардың қасиеттерімен және олардың сапасымен таныстыру, тәжірбие барысында қоршаған ортаға танымдық қызығушылығын дамыту. Пластмассаның қасиеттерін анықтауға көмектесу (жұмсақ,қатты, жеңіл,түрлі-түсті).Заттарға ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.Қызығушылығын арттыру.

Заттық дамыту орталығы: Пластмассадан жасалған заттар (ойыншықтар, түймелер, қыстырғыштар, пластмассадан жасалған стақан, таяқшалар) слайд.                                                                

Билингвальді компонент: ел – страна-country, қатты- твердый-solid, жұмсақ-мягкий-soft.


Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.


Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.

Бәріміз енді тұрайық,
 Үлкен шеңбер құрайық
 Жақсы – жақсы сөздерді,
 Қонақтарға сыйлайық!
 Табиғат біздің анамыз,
 Табиғатқа баламыз.
 Иіліп сәлем береміз,
 Біз әдепті баламыз.


Балаларға «Білгіштер елінен» хат келеді.


Тәрбиеші: -Балалар бізге сонау білгіштер елінен профессордан хат келіпті.

-Хатта экранға назар аударуымызды сұрапты.

– Сәлеметсіздер ме, балалар ? Мен сендерге бүгін мына менің қолымдағы сиқырлы жұмырқамен таныстырғым келеді, ол менің зертханамда жасалған. Осы заттың қалай жасалғанын,құрамын анықтасаңдар, сонымен қатар сендерге бірнеше тапсырмаларым бар, ол тапсырма хатта жазылған,бұл тапсымалардың жауабын сендер зертханадан білесіңдер.

-Ол үшін сендерді зертханаға баруларыңды сұраймын!


Барлық тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар мен мына сиқырлы жұмыртқаны сыйға тартамын.



Тәрбиеші: Олай болса балалар біз бүгін сендермен кішкене ғалымдар боламыз.

-Ол үшін поездға отырып ,жолға аттанайық!

Ғылымдар орталығы:

- Балалалар зертханаға келеді және өз орындарына отырады.

- Балалар қалай ойлайсыңдар,профессордың қолындағы жұмырқа қатты ма, әлде жұмсақ па?

- қатты


Тәрбиеші: - Дұрыс, қатты заттан жасалған демек балалар ол пластмассадан жасалған.

Егер заттар пластмассадан жасалса, демек ол пластмасса.

Пластмасса сөзінің мағанасы «пластикалық масса» дегенді білдіреді.

Пластмассаның иілгіштік қасиеті бар, сондықтан белгілі бір жағдайларда тиісті пішінге келтіруге болатын, Пластиканы қатты қыздырған жағдайда еріп сұйықтыққа айналады да оны кезкелген қалыпқа құйып түрлі заттар жасауға болады екен.Өздерің білетіндей біз мүсіндеу сабағында ермексаздан түрлі бұйымдар, заттар жасаймыз, сол сияқты пластмассадан да көп деген заттар жасайды.

Ол заттарды арнайы зауоттарда белгілі мамандар жасап шығарады.

-Демек профессордың қолындағы жұмыртқа неден жасалған екен?

-пластмассадан.

Тәрбиеші балаларды қауіпсіздік ережесімен таныстырып өтеді.


1-тапсырма: «Қатты және жұмсақ заттарды тап және оларды ата!»

Балалар, сендердің алдарыңда  үстелде орташа заттар жатыр.

Сол заттарды сендер екі ыдысқа ажыратып салуларың керек.

Қарастырып, неден жасалғанын айтып береміз.

Қорытынды: Заттар пластмассалардан және шүпекректен жасалған.

Олардың нысаны әртүрлі, қатты және жұмсақ, сынбайды.


Билингвальді компонент: ел – страна-country, қатты- твердый-solid, жұмсақ-мягкий-soft.


2-тапсырма: «Тас пен пластмассаны салыстыр»

– Сендердің алдарыңда  су құйылған ыдыстар тұр. 

Су құйылған ыдысқа тасты саламыз, не байқадық? Сонымен қатар пластмассадан жасалған бөтелке қақпағын саламыз не байқадыңдар? 

Қорытынды: Бөтелке қақпағы жеңіл, суға батпайды, тас суға батады, салмағы ауыр.


Сегіту сәті: Ойын: « Пластмассадан жасалған заттарды тап»

Ойынның барысы: балалар пластмассадан жасалған заттарды ажыратып   табады.

3-тапсырма: «Пластмассаның түсі өзгере ме? зерттеп көр»

-Балалар сендердің алдарыңда пластмасадан жасалған заттар және бояаулар бар, демек бояудың көмегімен ыдыстардың түсін өзгертеді.


Қорытынды:Пластмассадан жасалған заттардың түстерін бояу арқылы олар түрлі-түсті бола алады.

Қорытындылау

Тәрбиеші: - Балалар менің қолымда пластмассадан жасалған стакан мен оған кішкене затты саламын, сендерге көрініп тұр ма?, ішінде не бар?

Тәрбиеші: - Демек көрінбесе, пластмассалық стакан туралы не айтуға болады?

Тәрбиеші: - Ал, егер де біз байқамай стканды түсіріп алсақ

Стакан жерге құлайды.

Тәрбиеші: - Қараңдар стакан құлап қалды, сынбады, демек ол қандай?

Тәрбиеші: - Балалар, қолдарыңа пластмассалан жасалған затты алып,таяқшамен соғып көріңдерші. ,пластмассадан жасалған заттың дыбысы қалай естіледі? Дыбысы шулы ма, әлде жай ма?

Тәрбиеші: - Дұрыс. Пластмассадан жасалған заттардың дыбысы жай шығады.


Міне, бүгін сендермен пластмасса туралы көп деген мәлімет білдік.


Білгіштер елінен профессор сыйлық жібереді.

-Балалар қонақтармен қоштасады.


Қол ұстасып тұрайық
 Шеңберді біз құрайық,
 Көріскенше күн жақсы
 Сау - саламат болайық.
 

Сау болыңыздар!







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив