"Қарттарды құрметтейік"
Мақсаты: Бүлдіршіндерді ізгілікке, үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге,адамгершілікке тәрбиелеу,ой-өрісін дамыту,өнерге баулу.
Жүргізуші: Құрметті балабақша ұжымы сіздерді 1-қазан қарттар мерекесімен құттықтаймыз.Мемлекетімізде осыдан 24 жыл бұрын 1990 жылы ізгіліккке,үлкенді сыйлауға,құрмет көрсетуге, адамгер 14 желтоқсанда 1 қазан қарттар күні деп есептеуге қаулы шығарылды. Қарттар дегеніміз-біздің ата-әжелеріміз. Біздің ата-әжелеріміз халқымыздың өткені мен бүгіні.Олар бізге өздерінің ақылдарын айтып, жақсы іске үйретті,өнеге,тәлім-тәрбие берді. Сондықтанда біз үлкендерді сыйлауымыз,оларға құрмет көрсетуіміз керек.“Қарттары бар ел - бақытты ел” дей отырып,“Қарттарды құрметтейік”атты тақырыптық ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Жүргізуші: Құзы терең тең құлашты шалқардай,
Ғасырларда сырлар шертіп айтардай,
Отырады үй төрінде қомданып,
Аман болшы,аман болшы қарттарым - дей отырып, бүлдіршіндеріміздің ата-әжелеріне арналған тақпақтарына кезек береміз.
Әдептілік белгісі -
Иіліп сәлем бергені,
Алла берген ұл-қызың,
Маңдайдағы жұлдызың.
Қариясы бар адам,
Дариясы бар адам.
Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем апамды.
Ата үлкен кәріміз,
Қуат берген дәріміз,
Әуелете аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Ұл-қызына ерген,
Немерең біз әже.
Немерелеріңнен өрген,
Шөберең біз әже.
Жүргізуші: Балалар әже деген қандай болады?
Балалар: Жақсы,мейірімді,әдемі.
Жургізуші:Ал сендер, әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсындар ма?
Олай болса,әжелерімізге арналған тақпақтарымызды айтып берейік.
Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Менің әжем ақ әжем,
Ұл мен қыздын бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
Менің әжем гүл әжем,
Алтын әжем нұр әжем.
Анам үшім мен үшін,
Нағыз әжем тіл әжем.
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам, асырып
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Жүргізуші: Күн нөсерін төгейік,
Жырдан моншақ өрейік,
Уа, жамағат ал енді,
Әнге кезек берейік.
Ән: «Әжемнің шәйі»

Жүргізуші: Әр халықтың бойында ықылам заманнан бері қалыптасып
оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.
Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау,
оның сөзіне құлақ асу. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету –
ата-бабадан келе жатырған салтымыз. Олай болса, келесі
кезекті балаларымыздың ата-әже туралы мақал-мәтелдеріне береміз.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Атасыз үй-батасыз,
Анасыз үй-панасыз.
Үйінде атасы бардың, берер батасы бар.
Жүргізуші: Ата-әже ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би,
Сіздер үшін мереке ойындары – дей отырып кезекті ойынға берейік.
-Балалар олай болса,ойын ойнаймыз ба?
Ойынымыздың аты: «Кім шапшаң?»
Шарты:Ортаға 3 ұл мен 3 қызды шақырамын.Алдарыңда араласып
жатқан әже мен атаның киімдерін бөлек-бөлек алып,2 ұл бала 1
баланы ата қылып,2 қыз бала 1 қызды әже қылып жылдам киіндіру керек.
Қай топ бірінші болып киіндірсе, сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:Жарайсыздар балалар,келесі кезекті балаларымыздың
мерекесін тақпақтарына берейік.
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін
Балдай тәтті бал әжем.
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.
Әжетай,нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз,шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз.
Жүргізуші: «Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым,рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне,балалар,
біз өзімізді ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз.Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы,адамгершілігі мол,мейірімді болу арқылы ғана,оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.Қарттарымызды ардақтап өтейік!
Оларды сыйлаңдар,қадірлеңдер!