Алтын күздің туған күні
Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген. Ортаға әдемі киінген Алтын күз шығады.(музыка әуені)
Алтын күз: - Саламатсыздар ма құрметті қонақтар! Сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын. Күз мерекесі мол қазына, ырыс алып келсін.
- Сіздер білесіздер ме? Бүгін менің туған күнім. Соған менің қонақтарым, достарым келу керек еді, соларды күтіп жүрмін. Мына жақтан дауыстар естіледі, мүмкін қонақтарым шығар келе жатқан.
(Әуен ойналып, залға екі жүргізуші кіреді)
1-бала: Саламатсың ба, Алтын Күз! Туылған күнің құтты болсын. Біз қонаққа құр қол келген жоқпыз. Өзіміздің ән, би, тақпақтарымызды ала келдік. Олай болса балаларды қарсы алайық!
Балалар әсем әуен ырғағымен залға кіреді, жарты шеңбер болып тұра қалады. Алтын күз: Құтты болсын тойымыз
Сәтті болсын ойымыз.
Бүгін менің мерекемде,
Той тойлайық бәріміз.
1-бала: Жомарттығын бақылайық бәріміз.
Кім табады, кім айтады?
Қандай екен Алтын күз?
2-бала: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Жарқырайды Алтын күз.
Сайраңдадық күліп, ойнап,
Келді міне, Алтын күз.
3-бала:Алтын, сары, қызыл көк,
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп ,
Көз тартады атырап.
4-бала: Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
5-бала: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
6-бала: Берекелі, мерекелі
Келді жомарт Алтын күз.
Қалада да, далада да,
Жаннның бәрі жарқын күз.
7-бала: Жомарт күздің біздерге,
Берерін алып шашпайық.
Алтын күз тойын сіздерге,
Өлеңменен бастайық
Жүр: Жарайсыңдар балалар, Алтын күз туған күнін бізбен бірге тойлау үшін арнайы балабақшаға келіп тұр. Олай болса Алтын күзге арнап «Балабақша » әнін орындап берейік.
Ән: «Балабақша»
Алтын күз: Жарайсыңдар балақайлар. Менің туған күнімде сендерді орманға шақырғым келіп тұр. Онда аңдар жиналып жәрмеңке ұйымдастырып жатыр. Соны барып көрейік.
(Тиін жүгіріп шығады, қолында жаңғақтардан жасалған моншақ тізбесі бар. )
Алтын күз: Тиін, тиін, мына моншағың қандай әдемі, қанша тұрады?
Бағасы қымбат па?
Тиін: жоқ, бағасы қымбат емес - сіздер маған билеп берсеңіздер болды, мына моншақты бере салам.
Жүр: Олай болса біздің қыздарымыздың қолшатырларымен әдемі билері бар. Соны көрсетейік.
Би: «Тамшылар»
Түлкі: Келіңіздер, келіңіздер, мындағы саңырауқұлақтарға қараңыздар. Мен оларды жинап, жәрмеңкеге алып келдім. Күзгі орманның жомарт сыйын көріңіздер.
Алтын Күз: Иә, саңырауқұлақтар қандай тамаша. Түлкі досым бұл саңырауқұлақтарың қанша тұрады?
Түлкі: Достарым, маған оы саңырауқұлақтардың суретін салып берсеңдер, мен бұл саңырауқұлақтарды беремін.
Жүр: Олай болса біздің ата аналарымыз саңырауқұлақтарды салып береді.
(Екі ата-ана екі мольбертке саңырауқұлақтың суретін салады. )
Жүр: Ата аналар суретті салып біткенше жәрмеңкедегі басқа заттарды сатып алайық.
Аю: Келіңіздер, келіңіздер! Менің жемістерім мен көкөністерімді алыңыздар. Сатып алыңыз, сатып алмасаңыз, құрмет ақы төлеңіз!
Алтын Күз: сіздің тауар қанша тұрады?
Аю: Мен бұл көкөністер мен жемістерді ойын ойнап берсеңіздер бере саламын. спортпен көп айналысыңыз, көкөністермен толығыңыз. Мен сияқты күшті болыңыз.
Ойын:
"Кім тез жемістер мен көкөністерді жинайды"
атты ойын-аттракцион
Жүр: Жарайсыңдар балалар! Біздің күзгі жәрмеңкеден алғандарымыз көбейіп жатыр. Қане, саңырауқұлақтарды қосып алайық, ата-аналардың суреттері дайын болды ма екен?
(Суреттерді барлығына көрсетіп, түлкіден саңырауқұлақтарды алады)
Қасқыр: Бұл не шу? Сендерді мында кім шақырды? Мен мұнда барлығының иесімін!
Алтын Күз: Қасқыр ашуланба, балаларды күзгі жәрмеңкеге мен шақырдым.
Қасқыр: Не үшін?
Алтын Күз: Бүгін менің туған күнім емес пе? Балалар өте көңілді, ән айтып, би билей алады, ойын ойнап, менің көңіл күйімді көтеріп жатыр. Туған күнім сондай керемет өтіп жатыр.
Қасқыр: Оооой, мен де билей аламын ғой, ән де саламын. У-у-у. (деп уілдейді)
Жүр: Қасқыр, жарайсың, қане олай болса ұялмаңыз, бізге қосылыңыз.
Қане, балалар ән айтамыз, билейміз, мерекені жалғастырамыз.
Ән: «Тамшылар»
(Ортаға тышқан жүгіріп шығады. )
Тышқан: Сендер мында ойнап күліп жатқанда, алқаптағы жұмысшылар егін жинауда. Қане, сол жаққа барып көмектесейік.
1-бала: Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі.
Жайдары күз,жарқын күз
Аяулы күз алтын күз
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз.
2-бала: Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағын мол құйды.
Күн астында алтын дән
Тербеледі, толқиды.
3-бала: Толықсыған тасқындай
Көкжиекпен ұштасып,
Күн астында ақ бидай
Билейді қол ұстасып.
Жүр: Біздің балалар «Қырманға кел, Қалқатай» әніне қойылған билерін тамашалайық.
Би: «Қырманға кел, Қалқатай»
Алтын күз: Рақмет, достар, Дәл осындай туған күн сыйлағандарыңа көп рақмет!
Жүр:Жарайсыңдар балалар! Менің ойымша, Алтын күздің көңіл-күйі көтерілді. Алтын күз, біздің балалар саған арнап ән айтып берсін.
Ән: «Алтын күз»
Алтын күз: Балалар менің де сендерге әкелген сыйлығым бар. Жомарт күздің тәтті алмаларын топтарыңа барып жеңдер. Ал енді менің кетуім керек. Ормандағы аңдармен туған күнімді жалғастырайын. Келесі кездескенше сау болыңдар!