08
шілде
2020
Тазалық - денсаулық кепілі
Мақсаты: Балалардың жеке басының гигиенасы, тазалық, денсаулық туралы ұғымдарын кеңейту. Тазалық құралдары туралы айта білуге, оларды пайдалана білуге үйрету.Тазалықтың пайдасын суреттер арқылы көрсетіп, ой-өрісін, дамыту. Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Балаларды сөзді аяғына дейін толық, дұрыс айтқызу, логикалық ойлауын жетілдіру, тазалықты сақтау, тазалық заттарын дұрыс ажырата білгізе отырып, жеке түзете – дамыту жұмыстарын жүргізу.
Тазалық дегеніміз қол, денесін, киімін таза ұстау, уақытылы жуынып жүру. Мысалы, тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды жуып отыру керек. Адам ұйқыдан тұрғанда қолын, бетін, құлағының ішін жуады, тісін тазалайды. Ұйқыға жатар алдында осыларды орындау керек. Оған кішкентай кезінен бала дағдылану керек.
- Ал, сендер осылай тазалықты сақтайсыңдар ма?
Суретпен жұмыс.
- Суретте кімді көріп тұрсыңдар? (Бала)
- Бала не істеп жатыр? (Төсегін жинап, бетін жуып, тісін шайып, жаттығу жасап жатыр)
- Дұрыс. Яғни, бұл бала тазалықты сақтап, денсаулығын күтеді екен.
Жұмбақ шешу.
- Енді мұқият тыңдап, мына жұмбақтарды бірігіп шешіп көрейікші.
(Тақтада жұмбақтардың шешуіне байланысты тазалық заттарының суреттері ілініп тұрады, балалар жұмбақтардың шешуіне байланысты суреттерді бір жерге топтастырып іледі)
Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ тісі бар.
Басыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? (Айна)
Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
- Жақсы, дұрыс шешуін таптық. Бұлардың бәрі тазалық құралдары.
Міне, сондықтан да адам өзінің денсаулығы болу үшін жуынып, таза жүруі керек. Дені сау адам көңілді, мықты, жұмысқа қабілеті жақсы болады.
Сергіту сәті.
Шынықтырып денені,
Тісін жуып, тазалап
Балабақшаға келеді,
Міне нағыз азамат.
Ойын.
«Қима суреттерді құрастыр»