"Тастар қазақ тілінде сөйлейді" ашық оқу қызметі. Қазақ тілі мұғалімі: Кадирсизова А.А.
Тастар қазақ тілінде сөйлейді. Күз.
Ашық оқу қызметіне қатысушылар: Ортаңғы топ
Ашық оқу қызметінің мақсаты: Күзгі табиғат, күзгі еңбек түрлерімен, күз мезгілінің белгілерімен таныстыру, жапырақтар, көкөністер мен жемістерге тән түстерді атауды үйрету. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тастың құпиясы туралы білімдерін қалыптасуына мүмкіндік беру. Құрылымын тамашалау.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, айту, түсіндіру, сұрақ-жауап
Заттық дамыту орталығы: суреттер жинағы, тастар жиынтығы, слайд
Билингвальді компонент: күз – осень, тас-камень, құс-птица, жаңбыр-дождь, суық-холодно
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Көңіл-күйлерін сұрау.
Тосын сый
-Балалар, қараңдаршы бізге қонақ келе жатқан сияқты.
Қуыршақ Айсұлу қонаққа келеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
- Балалар, мен сендерді көргеніме қуанышытымын.

Педагог:
- Қуыршақ Айсұлу сізді көргенімізге қуаныштымыз. Қош келдің!
- Бүгінгі оқу қызметіміз қызық болмақ. Балалар күз мезгілімен танысып, күздің ерекшелігін біліп, қазақ тілінде жаңа сөздер үйренетін болады. Ол үшін бізге тастар әлемі көмектеседі.
Қуыршақ Айсұлу:
-Қандай тамаша!
Педагог:
- Балалар, тасты ауызға салуға, лақтыруға болмайды.
Педагог балаларға «Күз туралы» бейнеролик көрсетеді. Күзде болатын табиғат құбылыстары туралы түсіндіріп кету. Балалар күзде күн суық болады. Жылы киім киеміз. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі.
-Күз суық, жаңбыр суық деген сөз тіркестерін балаларға қайталатқызады. Балалар таста бейнеленген жапырақтың, жаңбырдың, құстың суретін тауып көрсетеді.
Дыбыстық жаттығулар
үз-үз-үз - күз
ұс-ұс-ұс - құс
ақ-ақ-ақ - жапырақ
- Суретке қараңдаршы, балалар, табиғат қандай әсем!
Ағаштардың жапырақтарының түсі қандай?
- Балалардың жауабы
Педагог:
- Балалар бірге қайталацықшы: сары жапырақ, сары күн
Педагог балаларға қарапайым сөйлемдер құрастырып үйретеді.
-Жаңбыр жауды.
- Білесіңдер ме, балалар, жаңбыр ақырын жауып, тамшылары кішкентай болса, жаңбыр себелеп тұр дейміз.
- Ал, үлкендеу тамшылармен қатты жауатын жаңбырды – нөсер жаңбыр дейміз.
(Қайта жаңбырдың дыбысы естіледі.)
- Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Саусақ жаттығуы
Бұлт жиналды, жиналды,
Жаңбыр жерге тамады.
Күннің көзі ашылды,
Жаңбыр лезде басылды.
Дидактикалық ойын: «Ауа-райы»
Ойынның шарты: берілген тастардың ішінен күн райына байланысты белгілерді тауып көрсету керек.
Сергіту сәті
«Көңіл-күй» туралы
Өлең жолдарына сәйкес қимылдарын орындайды.
Педагог:
-Жарайсыңдар балалар!
Қорытынды
Қуыршақ Айсұлу
- Балалар, менің қайтатын уақытым болды. Сендермен бірге тастар арқылы күздің сипаттарын қазақша үйреніп, қызықты тапсырмалар орындадық. Рахмет сендерге! Сендерге арнап алып келген кішкене сыйлығым бар. Оны топқа барғаннан кейін бөліп аласыңдар.
Сұрақ - жауап
- Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді?
- Бүгін қандай жаңа сөздермен таныстық?
- Балалардың жауабы
- Жарайсыңдар, балалар! Осымен ашық оқу қызметі аяқталды.
- Сау болыңдар!