"Жемістер мен көкөністер" ашық оқу қызметі. Қазақ тілі мұғалімі: Кадирсизова А.А. » КГКП "Ясли сад №185"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 383-86-88
Әдіскер:
+7(727) 392-77-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жемістер мен көкөністер" ашық оқу қызметі. Қазақ тілі мұғалімі: Кадирсизова А.А.
25
қараша
2020

"Жемістер мен көкөністер" ашық оқу қызметі. Қазақ тілі мұғалімі: Кадирсизова А.А.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысушылар: Мектепалды даярлық  тобы
 Оқу қызметінің мақсаты: Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
 Әдіс-тәсілдер
: көрсету,айту,түсіндіру,сұрақ-жауап
 Заттық дамыту орталығы: Жемістер мен көкөністердің муляждары, суреттер

Билингвальді компонент: күз – осень, суық-холодно, жеміс-фрукт, көкөніс-овощ, дәмді-вкусный

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.
 Педагог: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
 -Балалардың жауабы

Педагог: Бүгін аптаның қай күні?

-Балалардың жауабы

Педагог: Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?

-Балалар, оқу қызметімізді бастамас бұрын, өткен оқу қызметін еске түсірейікші.

Тосын сый 

  • Балалар бүгін бізге қонаққа Айсұлу келді. 

Айсұлу сендерің қазақ тілін қалай үйреніп жүргендеріңді көргісі келеді? Қанеки, бәріміз үйренгенімізіді, білгенімізді айтып отырайық.

  • Біз өткен оқу қызметіндегі «Тағамдар» атауларын қайталап, Айсұлуға қазақша айтып берейікші!
  • Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Бұтағында азығы,

Ортасында азығы. (Алма)

  • Балалардың жауабы

      Жемістер мен көкөністердің денсаулыққа пайдасы өте көп. Біз жемістер мен көкөністерді көп жесек ауырмай үлкен болып өсеміз. Біз жемістерден жеміс шырынын аламыз. Балалар жемістер бізге үлкен еңбекпен келеді «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей».- демекші жемістерді біздер егеміз, суарамыз, баптаймыз. Піскеннен кейін жинаймыз.


Дыбыстық жаттығулар

кө-кө-кө-көкөніс

міс-міс-міс-жеміс

сә-сә-сә-сәбіз

- Балалар, Айсұлу (дискіні көрсетіп) бізге қызықты бір тапсырма алып келіпті. Бірге тапсырманы орындаймыз ба?
 Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық?»
 Ойынның шарты: берілген нәрселердің ішінен артығын тауып, алған білімдерін тексеру.


       Жаңылтпаш

Ата мен әже, ана да,

Алма мен алмұрт тереді.

Асан да бақша жақтан,

Ақ сабақ асқабақ әкелді.

Сергіту сәті

Педагог:

-Тәрбиеленушілеріміз күз бен жемістер туралы  өлең жолдарын жатқа біледі екен. Тыңдап көрейікші.

Ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат» дидактикалық ойыны» 

Педагог:

-Жарайсыңдар балалар!


Қорытынды 

Айсұлу: - Балалар, менің қайтатын уақытым болды. Сендермен бірге жемістер мен көкөністер атауларын қазақша атап, қызықты тапсырмалар орындадық. Рахмет сендерге! 


Сұрақ - жауап
 - Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді?
 - Бүгін қандай жаңа сөздермен таныстық?
 - Қандай жемістердің қазақша атауларын білесіңдер?
 - Жарайсыңдар, балалар! Осымен ашық оқу қызметі аяқталды.