«Жаңа жыл көркі»
Әсем безендірілген залға балалар кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты қонақтар, балалар.
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
«Шырша жыры» хороводы
1. Ақ көңілім айналды аппақ қарға, 2. Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға. Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Қыс қызығы басылмай ұласады, «Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда. Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Жүргізуші: Қыс мезгілі тамаша! Шанамен бірге зырлайық, Мерекемізді тойлайық!
«Зырлайды шанамыз» имитация биі
Балалар саз ырғағымен орындықтарына отырады.
Сол сәтте бір заттың құлағаны немесе сыңғаны секілді дыбыс естіледі.
Жүргізуші: Бұл не дыбыс? Не болды, балалар?
Саз ырғағымен залға Сиқыршы кіріп келеді.

Сиқыршы: Охо-хо! Мен қайда келдім? Түк, түсіңбей тұрғаным-ай! Сендер кімсіңдер? Неге әдемі болып, жиналып, отырсыңдар?
Жүргізуші: Құрметті, қонағымыз, біздің Жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіз! Сіз өзіңіз кім боласыз?
Сиқыршы: Айналайын, мен Сиқыршымын! Сиқыр жасап отырып, сендерге қалай келгенімді де түсінбей қалдым! (ойланып қалады......)
Жүргізуші: Құрметті, Сиқыршы, біз Жаңа жыл мерекесін тойлап отырмыз. Бізге Аяз Ата мен Ақшақар да келу керек.
Сиқыршы: Онда мен дұрыс келіптім. Сендерге Аяз ата мен Ақшақар келсе, мына екі зат не деген зат екенін ойланып отырыңдар(қоңырау мен таяқша жүргізушіге береді)-деп өзі кетіп қалады.
Жүргізуші: Сондағы мұнау қоңырау, мұнау таяқша екенін Сиқыршы білмей қалды ма? Жоқ, ол тағы басқа ойға батып, ойланып кетті. Біз өзіміз әрекет етейік! Кәне Жұлдыздар барынша мынау сиқырлықты ашындар, баршамызға қуаныш нұрын шашыңдар!
Ортаға Жұлдыз шығып:
Жұлдыздарым, достарым,
Жиналыңдар, жиналыңдар,
«Жұлдыздар биі» қыздар

Жүргізуші: Рахмет, сендерге Жұлдыздар! Аяз ата мен Ақшақар қыз келетін де уақыт болды. Кәне балалар, барлығымыз дауыстап Аяз атаны шақырайық: «Аяз ата, Аяз ата!» (барлығы шақырыды)
Саз әуенімен залға Ақшақар кіріп келеді.
Ақшақар: Сәлеметсіндер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Мен боламын Ақшақар!
Аяз атаның сәлемін,
Алып келем сендерге!
Көп ұзамай келеді,
Сендерге сыйлығын береді!
Жүргізуші: Қош келдің, Ақшақар!
Ақшақар: Неге, сендер мұңайып, көңілсіз болып тұрсыңдар?
Жүргізуші: Ақшақар, бізге Сиқыршы келді. Мына қоңырау мен таяқшаның сиқырларын табу керек болып тұр.
Ақшақар: Мына таяқша менікі ғой, Сиқыршы қайдан алған?. Бұл жәй таяқша емес, ол сиқырлы. Ал қоңырауды тек Аяз атаның сиқырлы таяғымен ғана пайдалана аламыз.
Кәне, балалар, тұрайық,
Ойын сауық құрайық!
Шеңбер бойын айнала,
Қысқы қимылдар жасайық!
Ойын «Қысқы қимылдар» (қар жауып тұр, самал жел соғып тұр, ұлпақарлар ұшады, шаңғы тебеміз)

Ақшақар: Аяз атаның келетін уақыты болып қалған сияқты, барлығымыз дауыстап, шақырайық Аяз атаны.
(барлығы шақырады, ).
Саз әуенімен залға Аяз ата кіреді.
АЯЗ АТА:
Амаңсыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым.
Шыршамызға асығып,
Өздеріңмен табыстым.
Ақшақар: Аяз ата қош келдің!
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Аяз ата! Аяз ата, біздің шыршамызға қарашы, шамдары жарқырамай тұр.
Аяз Ата: Бұл еш маған қиын емес. Барлығымыз қосылып айтайық: -Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат!
Балалар: -Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Аяз Ата мен Ақшақар шыршаның шамдарын жағады.
Аяз : Шыршамызды айнала,
Жаңа жылды тойлайық!
«Жаңа жыл» әні
Ән айтылып жатқан сәтте Аяз ата қолғабын жоғалтып алады. Қолғапты Ақшақар тауып алып:
Ақшақар: Аяз ата, сенің бір қолғабын қайда екен?
Аяз ата: Түсіріп алыптым ғой.
«Қолғап» ойыны
«Біз жібермейміз» ойыны
«Мұздатам» ойыны
Аяз Ата: Керемет ойнадық, бірақ мен терлеп, денем жылынып кетті.
Ақшақар: Аяз ата, отыра ғой, біз сені салқындатамыз .
Ұлпақарлар-достарым, шығайық,
Аяз атаны құтқарайық!
«Ұлпақарлар биі» қыздар
Аяз ата: Рахмет сендерге ұлпақарлар! Енді менің көңілім көтеріңкі, сендер маған тақпақтар дайындадыңдар ма?
Жүргізуші: Әрине, Аяз Ата.
Тақпақтар.
Аяз: Рақмет, сендерге, балалар!
Жүргізуші: Аяз Ата, ал қоңыраудың сиқыры неде?
Аяз: Оны өздерің қәзір көресіңдер. Қоңырау иелері шығыңдар, өз өнерлеріңді көрсетіңдер!
«Джинголбенс биі» ұлдар
Аяз: Ақшақар, балалардың өнерін тамашаладық! Енді орманға қайтайық!
Жүргізуші: Аяз Ата, ал балалар, сыйлықсыз қалады ма?
Аяз: Жоқ, жоқ, сабырлық, Ақшақар қызым, өзінің таяқшаның сиқырымен бізге көмектес!
Ақшақар: Әрине, Аяз Ата! (Таяқшасымен саз-әуеннің қимылымен шыршаны айналып, әдемі сыйлық алып келеді.) Аяз Ата, міне, ашып көріңізші!
Аяз: Кәне көрейік (ашады)
Залға музыкамен Жылқы кіреді.
Жылқы: Сәлеметсіздер ме! Мен келе жатқан Жаңа 2026 жылдың иесімін! Барлығыңызды Жаңа жылмен құттықтаймын!
Аяз Ата: Қош келдің, Жылқы! Достарым, келе жатқан Жылқы жылы құтты болсын!
Аяз Ата, Ақшақар балаларға сыйлықтарды табыс етеді.
Аяз: Жаңа жыл құтты болсын, барлық үйге тек байлық, береке, молшылдық ала келсін! Келесі жылы тек амандықта қауышайық, ағайын!
Ақшақар: Жаңа жыл құтты болсын! Амандықта жүздесейік! (Аяз ата мен Ақшақар қоштасып кетеді)
Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Осымен біздің жаңа жылдық мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!