"Сандар әлемі" ашық оқу қызметі. Тәрбиеші: Батиева С.А.
Ертегілер елінде «Сандар әлемі»
Тақырыбы: Ертегілер елінде Сандар әлемі «Маша мен аю»
Мақсаты: Білімдерін тиянактау.
Білімділік: 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту. Сандарды басқа сөздермен байланыстыра қолданып айта алу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың танымдық және логикалық білімдерін арттыру.Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін калыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету. Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалык ойын арқылы баланың қиялын, ой -өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Үйымдастырған оқу іс - әрекеті; Таным
Бөлім:Қарапайым математика
Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер, тура, кері санауға арналған сандар.
Қ.Р мемлекеттік гимні
Балалармен шаттық шеңберін күрамыз.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнекей, бәріміз
Сәлем,- дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, достар
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: Жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Қыс айларын атап беріңдерші?
Айдын: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
Тәрбиеші: Қазір қандай ай?
Балалар: Желтоқсан.
Тәрбиеші: Балалар, қандай ертегі білесіңдер?
Балалар: «Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қаскыр мен коян»
Тәрбиеші: Олай болса, Маша мен аю ертегісінің койылымын тамашалаймыз!, бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып сандармен таныспақпыз.
Тәрбиеші: Балалар, ертегіні тамашаламас бұрын, алдымен денемізді тік ұстап, аяғымызды қосып отыруымыз керек, өйткені түзу отырсаңдар, денедегі сүйектерің түзу, әдемі болып өсесіңдер.
Енді мен сендерге сандар туралы мағлұмат беріп өтейін.
Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке кыз өмір сүріпті, оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз түрыпты. Жалғыз түрып іші пысқан Маша былай деп армандайды:
Маша-Айсұлу: О шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой. Мен олармен бірге есеп шыгарып, ойнап көңіл көтерер едім.
Аю-Арслан: Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін.
Маша: Мен Машамын. Сен кімсің?
Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш кабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйіннің төбесіне ұксайды.
Маша- Айсұлу: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
1 - тапсырма. Бір аптада неше күн бар?

Аю- Арслан: Жауабы: бір аптада жеті күн бар.
Жүргізуші: Біздің балаларда апта күндерін айтып береді.
Нартай:Дүйсенбі, Сейсенбі,Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.
Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға.
Бір кезде Қасқыр келеді.
Қасқыр-Ерсін:бұл сарайда кім тұрады?
Маша Айсұлу: Мен Машамын, сен кімсің?
Қасқыр: Мен касқырмын. Менің қолымдағы төртбүрыш, оның төрт бүрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға үксайды.
Маша: Солай екен ғой, үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында. 2 – тапсырма: I-ден 10-ға дейін тура санап бер
Қасқыр Ерсін: 012345678910-10987654321
Маша Айсұлу: Дұрыс, үйге кіре ғой.
Жүргізуші: Біздің балалар да I-ден 10-ға дейінгі сандармен таныстырады.
Жарас:1-саны
Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Сандарға жол бастап
Ең бірінші тұрамын.

Ансар: 2- саны
Міне екі саны тұр
Қаоаңдаршы неткен түр
Мойнын алға иеді
Құйрығы еріп жүреді.
Лейли 3-саны
Екіден соң әрқашан
Үшінші мен тұрамын
Қағазға сызып түсірсең
Екі ирек саламын
Дариға 4-саны
На обычный старый стул
Я смотрю в квартире
Взял его перевернул
Получил- четыре!
С.Айша 5-саны
Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Төртеуін бүгін санасаң
Табасың оңай бесті
Аян 6-саны
Мен өзімді қатарға
Бестен кейін қоямын
Басым бірден басталып
Нольмен бітер аяғым
Ұлпан 7-саны
Қара мына қызықты
Көсеуге мені ұқсатып
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты
Ө.Айша 8-саны
Жетіден кейін тұрамын
Жұп сан болып тұрамын
Бірге жазсаң қос дөңгелек
Сегіз болып шығамын
Али 9-саны
Төбесінен тұрғанда алты
Тоғыз болып шығады
Онды қуып жетем бе деп
Қасынан бір қалмайды
Айдын10- саны
Тоғызға бірді қосамыз
Он санын енді тосамыз
Қос таңбаны кім білмек
Олар бір мен дөңгелек
Қоян Қарақат: Бұл әсем сарайда кім түрады?
Маша Айсұлу: Мен Машамын, сен кімсің?
Қоян Қарақат: Мен қоянмын, Мен саған таныстыруға дөңгелек әкелдім, оның бұрышы жоқ, допка, күнге ұксайды.
Маша Айсұлу: қане маған берші, Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың.
3 – тапсырма: Сандарға байланысты мақал – мәтелдердер айтып бер:
1 - санына байланысты:
Каусар:Бір жылы сөз, бір күнге азық.
Арафат: Одинь в поле не воин
2 - санына байланысты:
Қайсар:Два раза послушай, один раз скажи
3 - санына байланысты:
София: Хвостуну цена три копейка
Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
4 - санына байланысты:
Рамина:Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.
5 - санына байланысты:
А.Аиша:Бес саусақ бірдей емес.
Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
6 - санына байланысты:
Ұлпан:Ағайынды алты болсаң, адам тимес.
7 - санына байланысты:
Арлан:Семь раз отмерь, один раз отрежь
8 - санына байланысты:
Али:Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.
9 - санына байланысты:
Мухамед:Тойған жерге тоғыз кел.
10 - санына байланысты:
Амина:Он рет айтқанынан бір рет көрсеткені артық.
МашаАйсұлу: Жарайсың! Кіре ғой сарайға.
Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Түлкі Тамина: Мына әсем сарайда кім тұрады?
Маша Айсұлу: Мен Машамын, сен кімсің?
Түлкі-Мен түлкімін. Менің колымдағы шаршы пішіні. Оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы тең.
Маша Айсұлу: Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.
4 - тапсырма. Логикалық тапсырма
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсаң
Қалады онда неше алма.
Түлкі Тамина: 0 алма.
Маша Айсұлу: Жарайсың! Кіре ғой сарайға.
Тәрбиеші: Жарайсың Түлкі.
Тәрбиеші: Енді балалар аңдарды ортаға шақырып отырғызайық.
Тәрбиеші: Балалар қане бәріміз сергіту жаттығуын жасап, бір сергіп алайық. (видео)
Енді мен сендерге сандар туралы мағлұмат беріп өтейін. ( видео)

Тәрбиеші: Ал енді балалар сендер Машамен ,оның қонақтарына өздеріңнің білімдеріңді көрсетіңдерші:
- Сандарды тура және кері және үш тілде айтып бер
- Геометриялық фигуралар
- Алма бағын ретімен орналастыр.
- Жоғалған санды тап
- Санды топырақта жазу
- Суретті санап қыстырғышпен қыстыр
7. Ойын: Менің көңіл күйім
8. Қанқызына көмектес
9. Пазл құрастыру
10.Ойын: Санағышпен сурет құрастыр
8 - тапсырма. Балаларға логикалык тапсырма:

- Алма ағашында 6 алма өсіп тұрды.
Жел соғып біреуі үзіліп түсті. Қанша алма қалды. ( 5)
- Қонжық екеу
Табаны нешеу. ( 8)
- 5 алманың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады ( 2)
4. Үш қоянда қанша құлақ ( 6)
5. Табақта 5 алма
Қолымда 2 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма ( 7 )
Қорытынды.
Жарайсыңдар балалар!
- Балалар сендерге ертегі үнады ма?
- Біздерге қонаққа нелер келді?
Маша: Сендермен бірге ойын ойнап, есеп шығарып, көңілімді көтергендеріне қуаныштымын. Сіздерге ризамын.
Балаларды Маша мадактайды.
Рольдегі балалармен таныстыру: Маша – Айсұлу, Аю –Арслан, Қаскыр Ерсін, Қоян –Қарақат, Түлкі – Тамина
Осымен бүгінгі «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» атты ұйымдасқан оку іс - әрекетіміз аякталды.