«Театрдың бала өміріндегі маңызы» (Дөңгелек үстел) » КГКП "Ясли сад №185"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 383-86-88
Әдіскер:
+7(727) 392-77-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Театрдың бала өміріндегі маңызы» (Дөңгелек үстел)
31
қаңтар
2019

«Театрдың бала өміріндегі маңызы» (Дөңгелек үстел)

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі театрдың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Ата-аналарға театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілінің дамуы мен сөздік қорларының байуы туралы түсінік беру. Балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.


Түрі: Сұрақ - жауап,топтық жұмыс.

Көрнекілігі: Тапсырмасы бар жолақтар, түрлі -түсті қағаз, қалам, желім, интер.тақта, диск, слайд.

Жоспар:

1.Тренинг:

     Шаттық шеңбері:

2.  Кіріспе сөз: «Театр туралы түсінік»

3. «Сіз білесіз бе?» ата-аналарға сұрақ

4.  Сергіту сәті: «Өтінемін» 

5. «Шебер қолдар» ертегі кейіпкерлерін жасау: 

6. Қорытынды.  

Құрметті ата-аналар .қонақтар! Бүгінгі дөңгелек үстелімізді ерекше өткізгіміз келіп тұр.

1.Тренинг: Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бүгінгі кездесуден не күтетінін айтады. «Тілек айту» Мына шарды жарып, ішіндегі әріптерден басталатын бір-бірімізге тілек сөздер айтуымыз керек. 

Мысалы: күндей нұрлы болыңыз! т.б.

2.Кіріспе сөз. «Ата-ананың басты қуанышы –бала»  яғни мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театрдың ерекше орны бар. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар  арқылы жетілдіруге болады. Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.



Театрландырылған ойынның екіге жіктелуі

Драматизациялық ойында: Драматизациялық ойын. Бұл ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған сахналық қойылымда бала ойын – драматизациясында кез келген бір сюжетте ойнайды. 


Режиссерлік ойында: балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады. 


3. «Сіз білесіз бе» ата-аналарға сұрақ.


1.Балаңызға жиі ертегі айтып бересіз бе?

2.Балаңыз қандай ертегіні жақсы көреді?

3.Отбасымен бірге театрға барасыз ба?

4.Балаңыздың жақсы көретін жануарын білесіз бе?

5.Балаңыздың ең жақсы көретін мултьфилім түрі қандай?

6.Сіздің соңғы рет көрген қойылым түрі?

7.Сіз қандай ертегілерді білісіз?


4.Сергіту сәті:

Мақсаты: Ата – аналар арасындағы қарым- қатынасты жақсарту.

Құрметті ата – аналар! Сіздер, қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?

  Мысалы; Рақмет,өтінемін, кешіріңіз, ризамын. 
 - Өтінемін бір-біріңіздің қолыңыздан ұстаңыз
 - Өтінемін оң аяқтарыңызды көтеріңіздер
 - Өтінемін, 
алақанның көмегімен қолдарыңызды шапалақтаңыздар
 - Өтінемін, бір- біріңізді құшақтаңыздар
 - Оң қолдарыңыз бен сол қолдарыңызды уқалаңыздар
 - Өтінемін, бір 
бірлеріңізге қарап жымиыңыздар

 -Рақмет. Орындарыңызға отырыңыздар!


5. «Шебер қолдар» ертегі кейіпкерлерін жасау

Ал енді қазір сіздермен ертегілер кейіпкерлерін жасап көрсек, ол үшін екі    топқа бөлініп қажетті құралдармен белгілі бір ертегі кейіпкерлерін жасап және сол ертегіні сомдау.


(5 минут уақыт беріледі)

-Жарайсыздар! 


6.Қорытынды. Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады.

Ата-аналарға бір-бір сөзден жазылған қағаз қиындылары таратылады сол сөз арқылы өзідерінің ойларын қортып айтады.

Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, ата-аналар үшін үлкен табыс. Қатысып, ой бөліскендеріңіз үшін үлкен р а қ м е т ! 
 
 

 
 
 
 
 
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив